Ст. 214 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
214-бап. Су сапасының экологиялық нормативтері
1. Су сапасының экологиялық нормативтері: 1) химиялық көрсеткіштер үшін – судағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы түрінде;
2) физикалық көрсеткіштер үшін – суға физикалық әсер етудің (жылу, радиоактивті) шекті жол берілетін деңгейлері түрінде;
3) биологиялық көрсеткіштер үшін су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобы жай-күйінің көрсеткіштері түрінде белгіленеді.
2. Судағы ластағыш заттардың шекті жол берілетін концентрациясы деп осы Кодекске сәйкес ластағыш деп танылған химиялық заттың ең жоғары көлемі (массасы) түсініледі, одан асып кеткен кезде су бір немесе бірнеше су пайдалану түрі үшін жарамсыз болып, табиғи орта объектілерінің тозуын туғызады немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығы мен биоәртүрлілікті бұзады.
3. Жерүсті су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері мемлекеттік су кадастрында ескерілген өзен бассейні немесе оның бөлігі, су объектісі немесе оның бөлігі үшін, ішкі теңіз сулары мен аумақтық теңіз учаскелері үшін олардың табиғи ерекшеліктері, сондай-ақ су объектілерін нысаналы пайдалану шарттары ескеріле отырып белгіленеді.
4. Ауызсумен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында пайдаланылатын жерүсті су объектілері немесе олардың бөліктері (су жинау орындарының) суы сапасының экологиялық нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен бекітілетін гигиеналық нормативтер (бұдан әрі – гигиеналық нормативтер) деңгейінде химиялық және биологиялық (микробиологиялық) көрсеткіштер бойынша белгіленеді.
5. Балық шаруашылығы маңызы бар жерүсті су объектілері немесе олардың бөліктері суы сапасының экологиялық нормативтері (балық шаруашылығы нормативтері) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
6. Ауызсумен, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсатында бір мезгілде пайдаланылатын балық шаруашылығы маңызы бар жерүсті су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері гигиеналық немесе балық шаруашылығы нормативінен неғұрлым қатаң көрсеткіштер (ең аз концентрациясы) деңгейінде белгіленеді.
7. Егер табиғи факторлардың әсерінен қалыптасқан және нақты өзен бассейніне немесе оның бөлігіне, су объектісіне немесе оның бөлігіне тән жерүсті су объектілері суларындағы химиялық заттардың табиғи фондық концентрациясы гигиеналық немесе балық шаруашылығы нормативтерінің мәндерінен асып кеткен жағдайларда, су сапасының экологиялық нормативтерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы өзен бассейніндегі немесе оның бөлігіндегі, су объектісіндегі немесе оның бөлігіндегі химиялық заттардың табиғи фондық концентрациясы көрсеткіштерінің мәндері деңгейінде (мәндерден жол берілетін ауытқу интервалында) әзірлейді және бекітеді.
8. Ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылатын немесе көрсетілген мақсаттар үшін жарамдылығы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар негізінде айқындалған жерасты су объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ауызсумен жабдықтаудың резервтік көздері ретінде айқындалған жерасты су объектілері суы сапасының экологиялық нормативтері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен әзірленетін және бекітілетін тиісті гигиеналық нормативтер деңгейінде белгіленеді.
9. Егер су сапасының белгіленген экологиялық нормативтері сақталған кезде табиғи экологиялық жүйенің тірі элементтері (өсімдіктер, жануарлар және басқа да организмдер) жай-күйінің кемінде бес жыл кезең ішінде ғылыми зерттеулермен расталған нашарлау белгілері анықталса, онда мұндай аумақтар үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті өкілді органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінде су сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын биологиялық объектілердің неғұрлым осал тобының жай-күйі көрсеткіштерінің жағымсыз ауытқуы байқалмайтын су сапасының неғұрлым қатаң аумақтық экологиялық нормативтерін белгілеуге міндетті.
10. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта трансшекаралық су айдындары мен су ағындары суы сапасының нормативтеріне қатысты өзге талаптар белгіленсе, онда осындай халықаралық шарттың талаптары қолданылуға тиіс.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей