Ст. 248 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
248-бап. Өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және қызметте, жаңа препараттарды жасауда пайдаланылатын басқа да препараттарды тасу, сақтау және қолдану кезiндегі экологиялық талаптар
1. Өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және қызметте, жаңа препараттарды жасауда пайдаланылатын басқа да препараттарды тасу, сақтау және қолдану кезінде жеке және заңды тұлғалар көрсетілген препараттарды тасу, сақтау және қолдану қағидаларын сақтауға және жануарлардың ауруы мен қырылуын болғызбауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. 2. Жаңа препараттарды жасау кезінде оларды қоршаған ортада қолдану жөніндегі нормативтер әзiрленуге тиiс.
3. Жануарлардың қырылуын және олардың мекендеу ортасының нашарлауын болғызбау мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолдану шектелетін немесе тыйым салынатын жекелеген аумақтарды айқындай алады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен пестицидтер тізіміне енгізілген пестицидтерді қолдануға рұқсат етіледі.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген пестицидтердің тізіміне енгізуге токсикологиялық зерттеулер, олармен жұмыс істеуді гигиеналық регламенттеу жүргізілгеннен, гигиеналық және экологиялық нормативтер белгіленгеннен кейін және осы пестицидтерді мемлекеттік тіркеу жүзеге асырғаннан кейін жол беріледі.
6. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
7. Минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарда ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар болған кезде өсімдіктерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы бойынша токсикологиялық зерттеулер жүргізеді, солардың негізінде осы минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар бойынша экологиялық нормативтер белгіленеді.
8. Мыналарға:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша дала кеміргіштерін жою кезінде, сондай-ақ жануарлардың жаппай эпизоотиясы, құтыруы және басқа да аурулары жағдайларында улы химикаттар мен басқа да химиялық препараттарды қолдануды қоспағанда, жару құрылғыларын, улы химикаттар мен басқа да химиялық препараттарды қолдана отырып, жануарлар дүниесі объектілерін аулауға;
2) пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қорық режимі аймақтарында;
миграция және көбею кезеңiнде жануарлар жаппай топтасатын жерлердегi белгi қойылған тыныштық аймақтарында, сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерде;
жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлері мекендейтін және олар қолдан өсірілетін белгіленген орындарда қолдануға;
3) ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да алқаптарда жер бетінде дәріленген тұқымдарды топырақпен жаппай және жабайы жануарлардың қоректенуі үшін қолжетімді жерде қалдыруға тыйым салынады.
9. Балықтарды және басқа да су жануарларын олардың мекендеу ортасын пестицидтермен, улы химикаттармен және басқа да химиялық препараттармен ластанудан қорғау мақсатында балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің қазіргі бар жағалауларынан екі километр шегінде:
1) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арамшөптермен күресте авиация арқылы тозаңдату тәсілін қолдануға;
2) пестицидтерді, улы химикаттарды, минералдық тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын салуға, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураны пестицидтермен, улы химикаттармен толтыру алаңдарын және қой тоғытуға арналған әуіттер орнатуға тыйым салынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
249-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
249-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның биологиялық негіздеме негізіндегі рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсатында жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Интродукция деп өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олардың мекендеу ортасының шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру түсініледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Будандастырылған жануарларды табиғи ортаға интродукциялауға тыйым салынады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауына, реинтродукциялауына және будандастыруына тыйым салынады.
4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар мұндай жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау бойынша іс-шаралар жүргізуге міндетті.
Лучшие юристы





Здравствуй!
Объекты ГПМ, Котельный, Сосуды подлежит декларированию? Объекты находятся на промбазе и общежитье
Нотариус является плательщиком НДС, обязан ли выписывать ЭСФ?
Добрый день, какой срок исковой давности при проверке антимонопольного коммитета? Нам пришло постановление на ИП с 2018 г., она на упрощенке и бухучет не велся, многие документы потеряны. как быть?
Здравствуйте. В статье 135. «Вахтовый метод работы» ТК РК сказано, что вахтой считается период, включающий время выполнения работ на объекте и время междусменного отдыха.
В пункте 1 статьи 208 написано, что работник при донации крови в рабочие дни освобождается от работы с сохранением средней заработной платы, а в 3-ем пункте этой же статьи говориться, что , если по соглашению с работодателем работник, являющийся донором, в дни донации крови и (или) ее компонентов приступил к работе, ему предоставляется по его желанию другой день отдыха с сохранением за ним средней заработной платы либо этот день может быть присоединен к ежегодному трудовому отпуску.
Значит ли это что вслучае донации в период междусменного отдыха работник в праве получить второй оплачиваемый день отпуска, помимо дня оговоренного в пункте 2 статьи 208.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей