Ст. 319 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
319-бап. Қалдықтарды басқару
1. Қалдықтар түзілген кезден бастап түпкілікті жойылғанға дейін қалдықтарға қатысты жүзеге асырылатын операциялар қалдықтарды басқару деп түсініледі. 2. Қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларға:
1) түзілген жерінде қалдықтарды жинақтау;
2) қалдықтарды жинау;
3) қалдықтарды тасу;
4) қалдықтарды қалпына келтіру;
5) қалдықтарды жою;
6) осы тармақтың 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген операцияларды жүзеге асыру процесінде орындалатын қосалқы операциялар;
7) қалдықтарды жинау, тасу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларды байқауды жүргізу;
8) жойылған (жабық, пайдаланудан шығарылған) қалдықтарды жою объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі қызмет жатады.
3. Үй шаруашылықтарын қоспағанда, қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар тиісті қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген қалдықтарды басқару саласындағы ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті. Осындай ұлттық стандарттарда көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
4. Үй шаруашылықтарын қоспағанда, қалдықтарды басқару жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалдықтарды басқару жөніндегі есептілікті ұсынуға міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ 01.01.2027 дейін Алматы және Астана қалаларының аумағында ғана қолданылады – осы Кодекстің 418-бабы 20-тармағына сәйкес.
5. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары тиісті астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарында қалдықтардың пайда болуын болғызбау, оларды бөлек жинау, қайтадан пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, кәдеге жарату және жою (құрту және (немесе) көму) жөніндегі қызметті реттеу және ұйымдастыру ерекшеліктерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілеуі мүмкін.
Ескерту. 319-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 317-бап. Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу және парниктік газдардың мемлекеттік кадастры ҚР Экологиялық кодексi 275-бап. Құрылыс материалдарының, минералдық тыңайтқыштардың, мелиоранттар мен көмірдің жол берілетін радиоактивтілік деңгейі ҚР Экологиялық кодексi 288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар 23.70 ОКЭД ГК РК 03-2007 Резка, обработка и отделка камня Оңалту және банкроттық туралы 114-бап. Соттың істі қарауыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей