Ст. 333 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
333-бап. Қалдықтар мәртебесінің тоқтатылуы
1. Қалдықтардың жекелеген түрлері оларға қатысты қалпына келтіру жөніндегі операциялар жүргізілгеннен кейін және осындай операциялар нәтижесінде түзілген заттар немесе материалдар осы Кодекске сәйкес белгіленген өлшемшарттарға сай келгеннен кейін қалдықтар мәртебесін жоғалтады және дайын өнім немесе қайталама ресурс (материалдық немесе энергетикалық) санатына ауысады. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қалдықтар мәртебесін жоғалтуы мүмкін қалдықтардың түрлері пластмасса, пластик, полиэтилен, полиэтилентерефталатты қаптама қалдықтарын, макулатураны (қағаз бен картон қалдықтарын), пайдаланылған шыны ыдыс пен шыны сынықтарын, түсті және қара металл сынықтарын, пайдаланылған шиналар мен тоқыма өнімін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша қалдықтардың өзге де түрлерін қамтиды.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай шарттарға сәйкес әзірлейді және бекітеді:
1) зат немесе материалдар өндірісте белгілі бір мақсатта пайдаланылуы мүмкін;
2) Қазақстан Республикасында немесе оның шегінен тыс жерлерде затты немесе материалды өткізу үшін нарықтың немесе сұраныстың болуы;
3) заттың немесе материалдардың тиісті өнімге немесе оны белгілі бір мақсатта пайдалануға қойылатын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі;
4) затты немесе материалдарды пайдаланудың қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиянды әсер етуге алып келмеуі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында қалдықтарды қалпына келтіру нәтижесінде түзілген заттардағы немесе материалдардағы ластағыш заттардың шекті концентрациясы қалдықтардың мәртебесін тоқтату өлшемшарты ретінде айқындалуы мүмкін.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей