Ст. 287 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
ҚР Азаматтық кодексi
287-бап. Ортақтасқан мiндеттеменiң орындалуы
1. Несие берушiлердiң әрқайсысы мiндеттеменi толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы орындауға мiндеттi болуына сәйкес көп жақтар қатысатын мiндеттеме ортақтасқан мiндеттеме деп танылады. Егер бұл шартта көзделмесе немесе заң құжаттарында белгiленбесе, соның iшiнде мiндеттеменiң мәнi бөлiнбейтiн кезде ортақтасқан мiндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.
2. Кәсiпкерлiк қызметпен байланысты мiндеттеме бойынша бiрнеше борышқордың мiндеттерi, сол сияқты мұндай мiндеттемелердегi бiрнеше несие берушiнiң талаптары, егер заңдарда немесе мiндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан мiндет болып табылады.
3. Борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың бiрiнен толық қанағаттанбаған несие берушi алынбағанды ортақтас борышқорлардың қалғандарынан талап етуге құқылы.
Ортақтас борышқорлар мiндеттеме толық орындалғанға дейiн мiндеттi болып қала бередi.
Борышқорлардың бiрiншi ортақтастық мiндеттi толық орындауы қалған борышқорларды несие берушi үшiн орындаудан босатады.
4. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушiлердiң кез-келгенi борышқорға толық көлемiнде талап қоюға құқылы.
Ортақтас несие берушiлердiң бiреуiне мiндеттеменi толық орындау борышқорды өзге несие берушiлерге оны орындаудан босатады.
5. Ортақтасқан мiндет болған ретте борышқордың несие берушiнiң талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушiге осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруге құқығы жоқ.
Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушiлердiң бiреуiнiң талабына қарсы осы несие берушi қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушiмен осындай қатынастарына негiзделген қарсылық бiлдiруiне құқығы жоқ.
Лучшие юристы





Статья 70
- Правительство слагает свои полномочия перед вновь избранным МАЖИЛИСОМ Парламента Республики. https://www.akorda.kz/ru/official_documents/constitution
Здравствуйте!
Ответьте пожалуйста на вопрос, для возбуждения дела о банкротстве минимальная сумма долга 1000 МРП ?
Добрый день! Экологический кодекс РК
Статья 301. Отходы, не приемлемые для полигонов. Действие подпунктов 18), 19) пункта 1 приостановлено до 31.12.2020 в соответствии с п. 12 статьи 324 настоящего Кодекса РК.
18) отходы строительных материалов;
19) пищевые отходы.
-------- будут ли изменении в ЭК РК, если нет тогда куда можно выгружать строительные отходы от предприятий и организации, есть ли сортировочный комплекс в Алматинской области. Прошу дать ответ на данный вопрос.
Подробнее: https://kodeksy-kz.com/ka/ekologicheskij_kodeks/301.htm
скажите пожалуйста-"что может быть по статье 408 п.2 УПК РК, кроме штрафа в размере 5 МРП?"
добрый день ! МСБ , ТОО, оказывает услугу в области привлечения инвестиции и развития экспорта, деятельность холдинговых компании, консультирование по вопросам коммерческой деятельности и управления, регулирование и содействие эффективному ведению экономической деятельности. хотел уточнить, можем ли мы не платить НДС ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей