Ст. 328 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы
ҚР Азаматтық кодексi
328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу
1. Қысқа мерзімді микрокредиттерді қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды қызметі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасымен реттелетін, ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады. 2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап, сондай-ақ кепіл нысанасының соттан тыс өткізілуіне кепіл берушінің келісімі болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.
2-1. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт кепіл нысанасының өткізілуіне немесе мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне байланысты тоқтатылады.
Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде, сондай-ақ мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен кезде ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың тоқтатылуымен бірге бір мезгілде кепіл беруші болып табылатын қарыз алушының міндеттемесі және микрокредит беру туралы шарт тоқтатылады.
Кепілі міндетті тіркеуге жататын мүлікті қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу, сондай-ақ мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуі ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.
Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасын өткізу микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін бір айдан соң жария сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырылады. Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасы сауда-саттық басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жария сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда, кепіл нысанасы ломбард меншігіне өтеді.
Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған ломбардағы заттардың кепілі туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізуге, сондай-ақ мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуіне "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен кепіл ұстаушы қарыз алушының берешекті реттеу жөніндегі өтінішін қарау кезеңінде жол берілмейді.
3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.
4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.
5. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады.
7. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (01.10.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Параграф 4. Кепілдік және кепіл болушылық
Ескерту. 4 параграф жаңа редакцияда – ҚР 1997.07.11. № 154 Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей