Ст. 1086 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409
ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1086-бап. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
1. Шетел құқығын қолданған кезде сот оның нормаларының мазмұнын олардың ресми түсіндірілуіне, қолданылу практикасына және тиiстi шет мемлекеттегi доктринаға сәйкес анықтайды. 2. Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау мақсатында сот жәрдем және түсiнiк алу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының өзге де құзыреттi органдары мен мекемелерiне, соның iшiнде шетелдерде орналасқандарына белгiленген тәртiппен жүгiнуi не сарапшылар тартуы мүмкiн.
3. Iске қатысушы тұлғалар өз талаптарын немесе қарсылықтарын негiздеуде сiлтеме жасаған шетел құқығы нормаларының мазмұнын растайтын құжаттар табыс етуге және осы нормалардың мазмұнын анықтауда сотқа өзге де түрде жәрдемдесуге құқылы.
4. Егер осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қарамастан, шетелдiк құқық нормаларының мазмұны орынды мерзiмдерде анықталмаса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей