Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 728 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 15.09.2023

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
728-бап. Банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың және синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері

Ескерту. 728-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың мынадай ерекшелiктерi бар:

1) банктік қарыз шарты бойынша банк немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді;

2) микрокредит беру туралы шарт бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз беруші ретінде әрекет етеді;

3) алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың нысанасы болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шарттарда өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт олар жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi;

4) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының, микрокредит беру туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді;

5) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, банктік қарыз шартында, микрокредит беру туралы шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның банктік қарыз операцияларына лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды;

6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 2-тармағының ережелері қолданылмайды;

7) қарыз алушы қарыз, микрокредит нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күннен асырып бұзған кезде, банктік қарыз шартына, микрокредит беру туралы шартқа осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қолданылады;

8) ломбардтың кепілге салу билетін беруі микрокредит беру туралы шарт жасасуға теңестіріледі.

Банктерге осы банк эмитенті болып табылатын акциялармен қамтамасыз етілген қарыздар не осы акцияларды иеленуге арналған қарыздар беруге тыйым салынады.

Жеке тұлғаларға берілетін ипотекалық қарыз ерекшеліктері "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

Синдикатталған қарыз шартының ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында айқындалады.

Ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін қарыздарын қоспағанда, банктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы азаматқа қарыз беруіне тыйым салынады.

Ескерту. 728-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг)

Статья 406 ...726 727 728 729 730 ...1124

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день!

Подскажите пожалуйста, если у меня есть решение суда что виновник ДТП виноват. Но ущерб по авто не возмещен. Судья ссылаясь на то, что я передала авто самостоятелно без принуждения, и я не являюсь потерпевшей, так как машина является моей собственностью и суд как бы не имеет никакого отношения. И этот мой иск по требованию возмещения ущерба с виновника спорно. Для чего мы обращаемся в суд, если закон меня не защитит если на мое имущество нанесли повреждения?!

Виновник виноват, НО он не обязан восстанавливать машину, так как это мои необдуманные действия как владельца авто - вот так вот примерно выразился суд. Как же сложно потерпевшим в нашей стране( Быть виноватым проще простого! Ничего не нужно говорить и доказывать


Здравствуйте, если гражданское лицо, подает жалобу через eotinish в надзорный орган, специалист органа имеет ли право изменять формулировку текста с "жалобы" на "заявление", назначают исполнителя далее согласно статье 65 АПК РК, отписывается в другой надзорный орган, где другой специалист вносит свою корректировку и "заявление" становится "сообщением"? И второй вопрос если Министерство здравоохранения отписывает управлению здравоохранения, соответственно управление после всех корректировок отписывает в поликлинику для обработки сути и ответа на обращение. Вопрос все выше перечисленные надзорные органы должны ли в последующем проконтролировать ответ и сроки?


Ответ:

Если переодевание в сменную одежду является обязательным для работы (использование данной одежды предусмотрено требованиями охраны труда), то время на переодевание следует отнести к рабочему времени работника.


К сожалению тут отсутствует информация касательно повторного использования резерва правительства на одни и те же цели в течении текущего года


Здравствуйте. Будьте добры, подскажите пожалуйста пункт, статью в законе, где прописано что НЕЛЬЗЯ использовать резерв Правительства ПОВТОРНО на одни и те же цели в течении текущего года.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться