Ст. 198 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
198-бап. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру, сот отырысындағы үзіліс
Ескерту. 198-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 342-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Істі қарауды кейінге қалдыруға:
1) егер сот осы Кодекстің 196 және 197-баптарында көзделген тәртіппен - процеске қатысушылардың біреуінің келмеуі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп таныған;
2) осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіп қолданылатын істі талқылау кезінде қатысушылар тәртіпті жаппай бұзған;
3) осы Кодекстің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен -қарсы талап қойылған;
4) осы Кодекстің 73-бабында көзделген тәртіппен қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажет болған;
5) қатысушылардың сот отырысына келуіне кедергі келтіретін не оған мүмкіндік бермейтін күтпеген және төтенше мән-жайлар туындаған жағдайларда жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының уәкілетті органынан оның баланы Қазақстан Республикасына заңсыз алып өткендігі немесе баланың Қазақстан Республикасында ұсталып отырғандығы туралы арыз алғаны туралы жазбаша хабарлама келіп түскен жағдайда сот осы бала туралы дауға байланысты істі талқылауды отыз күнге кейінге қалдыруға міндетті. Егер бала көрсетілген халықаралық шарт осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаса, хабарламаға арыздың көшірмесі қоса берілуге тиіс.
3. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл туралы келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.
4. Істі талқылау кейінге қалдырылғаннан кейін іс басынан қайта қаралады. Егер тараптар процеске барлық қатысушының түсініктемелерін қайталауды талап етпесе, сот оларды толықтыруға және қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік бере отырып, бұрын тыңдалған түсініктемелерді қайталамастан, оларды растаумен шектелуге құқылы.
5. Сот іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, істі қарауды жалғастыруға және (немесе) жұмыстан тыс уақытта шешім шығаруға құқылы.
6. Сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін, оның ұзақтығы іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып, айқындалады.
Ескерту. 198-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?
2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей