Ст. 251 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
251-бап. Шешiмдi орындаған кезде басқа тұлғалардың құқықтарының қорғалуы
1. Сот орындаушысы мүлiкке тыйым салу ісін жүргiзу кезiнде мүлiктiң борышкерге немесе басқа тұлғаларға тиесiлi болуына қарамастан, тыйым салудың күшiн жоюға негiз болып табылатын заң бұзушылыққа жол берген жағдайда, сот басқа тұлғалардың мүлiкке тыйым салудың күшiн жою туралы арыздарын Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен қарайды. Мұндай арыздар тыйым салынған мүлiк өткізілгенге дейiн берiлуi мүмкiн. Өндiрiп алу қолданылған мүлiктiң тиесiлiлігiне байланысты құқық туралы дауды басқа тұлғалар әрекет жасалған (әрекет жасаудан бас тартылған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе тұлғаға бұл туралы белгілі болған күннен бастап мәлiмдеуі мүмкін. Мұндай талаптарды сот талап қою ісін жүргізу қағидалары бойынша қарайды.
2. Меншiк иелерi немесе мүлiкке шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, жалға алу, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заңда немесе шартта көзделген өзге де негiз бойынша иелiк ететiн тұлғалар мүлiкті тыйым салудан босату (тізімдемеден алып тастау) туралы талап қоюлар бере алады.
3. Мүлiкті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар борышкерге және өндiрiп алушыға беріледі.
4. Егер сот орындаушысы мүлiкке тыйым салуды тәркiлеуге жататын нәрселер көрсетілмеген, мүлiктi тәркiлеу туралы үкімді, қаулыны орындау шеңберінде жүргiзсе, сотталған адам және мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға уәкiлеттi тиiстi орган жауапкер ретiнде тартылады.
Талап қою талаптары негiздi деп танылған жағдайда, егер тәркiленуге тиiсті мүлiк мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға уәкiлеттi органда болса және ол оны сауда ұйымдарына, басқа ұйымдарға сату, қайта өңдеу үшiн не өтеусiз берілсе, онда осы мүлiк заттай түрде қайтарылуға жатады. Мұндай жағдайда мемлекеттік меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға уәкiлеттi органнан басқа көрсетілген сауда ұйымдары және басқа да ұйымдар iске қатысуға тартылады. Егер осы ұйымдар тізімдемеден алып тасталуға тиісті мүлікті сатпаған болса, онда оларға мүлікті заттай түрінде қайтару жөнінде міндет жүктеледі.
5. Судья мүдделi тұлғалардың арызына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мән-жайларды анықтап, арызды осы бапта және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған кезде мүлікті тыйым салудан босатуға (тізімдемеден алып тастауға) міндетті.
6. Егер мүлiктi тәркiлеуге байланысты тыйым салу жүргiзiлген мүлiк өткізілген немесе қайта өңдеуге жiберiлген болса, арызды осы бапта және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қараған кезде талап қоюшыға мүлiктi өткізуден түскен сома өтеледi.
Ескерту. 251-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей