Ст. 272 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ
ҚР Азаматтық процестік кодексі
272-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті
1. Сот: 1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, азамат қайтыс болған немесе заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған;
3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жүрген талап қоюшы өтініш берген;
4) азаматтық, қылмыстық, әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін бұл істі қарау мүмкін болмаған;
5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан және осы актінің конституциялық емес тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болған;
6) құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған;
7) тараптар медиатормен медиация жүргізу туралы шарт жасасқан жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімін ұзартқан кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауға тиіс;
8) бала туралы дауға байланысты іс бойынша соттың заңсыз түрде Қазақстан Республикасына алып өткен немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы қайтару туралы немесе егер бала Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көрсетілген, осы балаға қатысты қолданылуға жатпайтын жасқа толмаған болса, балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт негізінде берілген арызды іс жүргізуге қабылдау туралы сот ұйғарымының көшірмелері келіп түскен жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
Ескерту. 272-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей