Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 337 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Азаматтық процестік кодексі
337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау

Ескерту. 337-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам емдеуге жатқызылған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша адамның психикалық жай-күйі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, осы адамның өзін мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына өзінің қатысуына құқығы бар. 

1-1. Судья істі сот талқылауына дайындау кезінде, қозғалған іс бойынша процесте азаматтың мүдделерін білдіруі және қорғауы үшін ресми өкіл – адвокатты тағайындайды. 

Ресми өкіл – адвокат заңды өкілдің өкілеттіктеріне ие болады. 

2. Іс азамат емдеуге жатқызылған және істің қозғалуына бастамашы болған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым өкілінің және өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселе шешіліп жатқан азамат өкілдерінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің және басқа да мүдделі адамдардың қатысуымен қаралады. 

Ескерту. 337-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...335 336 337 338 339 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?


Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться