Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 465 ҚР Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.09.2023

ҚР Азаматтық процестік кодексі
465-бап. Өтінішхатты қарау

1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты сот осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша iс қозғалған кезден бастап он жұмыс күні iшiнде қарайды. 

Үшінші тұлға өтінішхат берген кезде қосымша дәлелдемелер беру қажет болса, судьяның іс бойынша іс жүргізуді бір айға дейінгі мерзімге ұзартуға құқығы бар. 

1-1. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты апелляциялық сатыдағы сот кемінде үш алқа судьясының алқалы құрамында осы Кодекстің 3-бөлімінің қағидалары бойынша қарайды. 

2. Төрелік талқылау тараптары, үшінші тұлғалар төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхат берген жағдайда, сот оларға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған көрсетілген тұлғалардың келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. 

3. Сот істі қараған кезде мәлімделген талаптар мен қарсылықтарға негіз ретінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу арқылы төрелік шешімнің күшін жою үшін заңда көзделген негіздердің болуын немесе болмауын анықтайды. 

3-1. Сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша төрелік талқылауды қайта бастау не төрелік шешімнің күшін жою үшін негiздердi жоюға мүмкiндiк беретін өзге де шараларды қолдану үшін төрелік шешiмнiң күшiн жою туралы өтiнiшхат бойынша iс жүргiзудi белгiленген мерзiмге тоқтата тұруға құқылы. 

Егер төрешілер жаңа шешім шығарса, тарап сот белгілеген мерзім ішінде талап қоюды ұсынбай, қайта басталған төрелік талқылауға немесе бастапқы шешімдегі өзгерістерге қатысты бөлігінде шешімнің күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. 

4. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарау нәтижелерi бойынша төрелік шешiмнiң күшiн жою не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымына осы Кодекске сәйкес жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкiн. 

5. Сот төрелік шешімнің күшін жою туралы ұйғарымда төрелік шешімді мәжбүрлеп орындатуға беру туралы ұйғарымның күшін жою мәселелерін шешуге тиіс. 

Ескерту. 465-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 342-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бөлім. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРОЦЕСС
57-тарау. ШЕТЕЛДІК ТҰЛҒАЛАР ҚАТЫСАТЫН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Статья 1 ...463 464 465 466 467 ...505

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

сігу керек


Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?  


Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?



Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться