Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 119 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.07.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
119-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңі

1. Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ең көп ұзақтығы – жиырма бес жылдан, ал ірі кен орындарында қырық бес жылдан аспайды. 

Күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңінің ұзақтығы өндіруге арналған келісімшартты немесе барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа өндіру кезеңін бекітуді көздейтін толықтыруды жасасу кезінде белгіленеді. 

1-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша өндіру кезеңі ірі кен орындары үшін қырық бес жылды және ірі кен орындарына жатпайтын кен орындары үшін жиырма бес жылды құрайды. Егер күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған бір келісімшарт шеңберінде табылған кен орындарының бірде-біреуі осы Кодекстің 14-бабында көзделген ірі кен орнының өлшемшарттарына сәйкес келмесе, осындай келісімшартта белгіленген өндіру кезеңі күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруға қол қою арқылы жиырма бес жыл деп белгіленеді. 

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту осы Кодекстің 110-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекаралары белгіленетін келісімшартқа толықтыру жасасу арқылы жүзеге асырылады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда көмірсутектерді өндіру кезеңі жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеудің бастапқы жобасы негізінде айқындалады.  

Кен орнын әзірлеу жобасында көмірсутектерді рентабельді өндіру мерзімін кейіннен өзгерту жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта өндіру кезеңін тиісінше өзгерту үшін негіз болып табылмайды.  

3. Жер қойнауы учаскесіндегі өндіру кезеңі көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт не көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру тіркелген күннен бастап есептеледі.  

4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодексте белгіленген тәртіппен және шарттарда бүкіл өндіру учаскесін қайтару арқылы өндіру кезеңін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.  

5. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы Кодекстің 110-бабына сәйкес бірнеше өндіру учаскесі қалыптастырылса, өндіру кезеңі осындай әрбір учаске үшін жеке-жеке белгіленеді. 

Бұл ретте, жер қойнауы учаскелерінің бірі бойынша өндіру кезеңі өткен жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт өз қолданысын қалған жер қойнауы учаскелеріне қатысты ғана жалғастырады. 

6. Барлау кезеңі мен өндіру кезеңі бір мезгілде қолданылатын келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және өндіру кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері – өндірудің осындай учаскесіне (учаскелеріне) қатысты, ал жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте және барлау кезеңіне арналған келісімшартта көзделген құқықтары мен міндеттері тек барлау учаскесіне қатысты ғана қолданылады. 

7. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорларының көлемдері жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, осындай кен орнына қатысты барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың ережелерінде жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірі қамтылуға тиіс: 

1) жаңа заңды тұлға құру арқылы дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп қайта өңдеу өндірістерін құру; 

2) жұмыс істеп тұрған өндіру өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау; 

3) жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу өндірістерін жаңғырту не реконструкциялау; 

4) өндірілетін көмірсутектерді қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта өңдеу кәсіпорындарына (өндірістеріне) шарттық талаптармен беру; 

5) жаңа заңды тұлға құру арқылы өзі дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп өзге инвестициялық жобаны немесе өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобаны іске асыру. 

Осы Кодекстің 36-бабы 1-2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген міндеттемелердің бірі жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектерді экспорттау басталған күннен бастап күнтізбелік жиырма жыл өткеннен кейін қолданылады. 

8. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру учаскесі мен кезеңін бекіту туралы өтінішті барлау кезеңі ішінде береді. 

Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңін бекіту туралы өтінішті дайындық кезеңі ішінде береді.  

Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау кезеңі өткенге дейін берілуге тиіс. 

Егер құзыретті органның өтінішті қарауы кезеңінде өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі бойынша барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі аяқталса, онда келісімшарт осындай жер қойнауы учаскесіне қатысты – өтінішті қарау кезеңінде, ал осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда осы баптың 15 – 18-тармақтарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру кезеңінде қосымша қолданылуын жалғастырады. Бұл ретте осындай жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады. 

9. Өндіру учаскесі мен кезеңін немесе күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы өтініште: 

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы; 

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні; 

3) өндіру учаскесіне (учаскелерін ) нұсқау; 

4) өндіру кезеңінің (кезеңдерінің) ұзақтығы қамтылуға тиіс. 

10. Өтінішке қосымша: 

1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, учаскені (учаскелерді) және өндіру кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекітуді көздейтін, жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру қоса беріледі. Бұл ретте өндіру учаскесін (учаскелерін) бекіту мақсатында келісімшартқа толықтыруда осы Кодекстің 110-бабына сәйкес өндіру учаскесін (учаскелерін) белгілейтін келісімшартқа қосымша қамтылуға тиіс; 

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған геологиялық қорларды есептеу бойынша есеп (есептер); 

3) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған кен орнын әзірлеу жобасы қоса беріледі. 

11. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. 

12. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган мынадай шешімдердің бірін: 

1) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өндіру учаскесін және кезеңін немесе тек қана өндіру кезеңін бекіту туралы шешімді; 

2) осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайда осы бапта көзделген мерзімде және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздер жүргізу туралы шешімді; 

3) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды. 

13. Құзыретті орган: 

1) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса; 

2) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса, өндіру учаскесін және кезеңін немесе күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңін бекітуден бас тартады.  

Құзыретті органның өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны тиісінше барлау кезеңі немесе дайындық кезеңі ішінде қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.  

14. Осы баптың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекіту туралы шешім қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде өтініш иесімен күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді.  

15. Осы баптың 12-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда құзыретті орган осындай шешім қабылданған күннен бастап жиырма төрт ай ішінде жер қойнауын пайдаланушымен осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін айқындау бойынша келіссөздер жүргізеді.  

16. Келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзыретті орган бес жұмыс күні ішінде: 

1) өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін бекітуді көздейтін, күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды жасау туралы; 

2) келісімшартқа толықтыру жасасудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды және бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыны хабардар етеді.  

17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде құзыретті органға өз тарапынан қол қойылған өндіру учаскесін және кезеңін немесе өндіру кезеңін бекітуді, сондай-ақ осы баптың 7-тармағында көзделген міндеттемені орындау шарттары мен тәртібін көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартқа толықтыруды жібереді. Бұл ретте, өндіру учаскесін бекіту мақсатында осы Кодекстің 110-бабына сәйкес келісімшартқа толықтыру өндіру учаскесін белгілейтін келісімшартқа қосымшаны қамтуға тиіс. 

18. Құзыретті орган күрделі жобаларға жатпайтын жер қойнауы учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде мұндай толықтыруға қол қояды және жер қойнауын пайдаланушыға оның қол қойылған бір данасын жібереді.  

18-1. Күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша барлауға және өндіруге келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға барлау кезеңі ішінде беріледі, онда мыналар қамтылуға тиіс: 

1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы; 

2) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні; 

3) өндіру учаскесіне (учаскелеріне) нұсқама.  

Өтінішке жер қойнауын пайдаланушы қол қойған, өндіру учаскесінің (учаскелерінің) шекараларын белгілейтін келісімшартқа толықтыру жобасы және жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған өндіру учаскесіндегі (учаскелеріндегі) геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есептің көшірмесі қоса беріледі. Егер кен орны ірі кен орындары санатына жатпаса, толықтыру жобасында ұзақтығы жиырма бес жыл болатын өндіру кезеңінің белгіленуі де көзделуге тиіс. 

18-2. Егер өтініш осы баптың 18-1-тармағына сәйкес, барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның қандай да бір өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынбаған жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын келісімшарт талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес белгіленетін өндіруге арналған үлгілік келісімшарт талаптарына сәйкес келтірілуге тиіс, ал күрделі жобаға жатпайтын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайда, мұндай учаскеге қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады. 

18-3. Егер өндіру кезеңіне өту туралы өтініш барлау нәтижелері бойынша оның күрделі жобаның өлшемшарттарына сәйкестігі туралы растау алынған жер қойнауы учаскесіне қатысты, осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген үлгілік келісімшарт нысаны бойынша жасалған барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша берілсе, өндіру кезеңіне жататын осындай келісімшарттың талаптары осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленетін шарттарға сәйкес келтірілуге жатады, ал күрделі жоба болып табылатын өндіру учаскесі бөліп шығарылған жағдайларда, мұндай жер қойнауы учаскесіне қатысты осы Кодекстің 36-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған шарттарда өндіруге арналған келісімшарт жасалады. 

18-4. Осы баптың 18-1, 18-2 және 18-3-тармақтарына сәйкес берілетін өндіру кезеңіне өту туралы өтініш құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 

Құзыретті орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы баптың 18-2 және 18-3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, тиісті жер қойнауы учаскесіне қатысты келісімшартқа толықтыруға қол қояды немесе өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, күрделі жобаларға жататын жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт бойынша өндіру кезеңіне өтуден бас тартады. 

Құзыретті органның өндіру кезеңіне өтуден бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны барлау кезеңі ішінде қайта өтініш беру құқығынан айырмайды. 

19. Осы баптың 16-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін бұрынғы жер қойнауын пайдаланушының табуға және бағалауға жұмсалған шығындарын өтетуге құқығы бар.  

Мұндай өтеуді жаңа жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпаратының негізінде айқындалатын инфляцияны ескере отырып, тиісті шығындардың толық сомасын бір уақытта төлеу тәртібімен жүзеге асырады.  

Мұндай шығындарды өтеу мерзімін құзыретті орган белгілейді және жаңа жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт жасасқан күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс. 

Жаңа жер қойнауын пайдаланушы өзі өтейтін шығындардың аудитін жүргізуге құқылы. Өтелетін шығындардың мөлшері туралы жаңа және бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы арасында дау туындаған жағдайда, мұндай дау сот тәртібімен шешілуге тиіс.  

Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...117 118 119 120 121 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Здравствуйте! Операторы кредит + каждый день психологический давят, звонят моему начальству говоря, якобы с финансовой полиции, что я должна оплатить долг дочери. Как мне поступить?


Добрый день. По состоянию здоровья не могу оплатить микрокредит. Но платить не отказываюсь. Жду официального графика. Каждый день пугают операторы этой организации по статье 272ГК РК и 718ГК РК. А так же разглошают мою личную информацию тем или иным контактным или не окнтактным лицам. Подскажите что сдеать.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться