Ст. 120 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
120-бап. Көмірсутектерді өндіру кезеңін ұзарту
1. Өндіру кезеңін құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша қатарынан келетін жиырма бес жылға дейінгі кезеңге ұзартады.
2. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтінішті жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға ұзартылатын өндіру кезеңі аяқталардан кемінде бір ай бұрын, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей береді.
3. Өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініште:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауы;
2) көмірсутекті барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күні;
3) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) нұсқау;
4) өндіру кезеңін ұзарту сұралатын мерзім қамтылуға тиіс.
4. Өтінішке қосымша:
1) алып тасталды – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген сараптамалардың оң қорытындыларын алған өндіру кезеңінің сұралатын ұзарту мерзімі ішінде кен орнын әзірлеуді көздейтін кен орнын әзірлеудің жобасы қоса беріледі.
5. Егер есептеу бойынша есеп осы Кодексте көзделген жер қойнауының мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған көмірсутектер кен орнының бастапқы геологиялық қорлары жүз миллион тонна мұнай немесе елу миллиард текше метр табиғи газ мәнінен асатын болса, өндіру кезеңін ұзарту кезіндегі келісімшарттың ережелері осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірімен толықтырылуға тиіс.
Егер мұндай кен орнына қатысты жер қойнауын пайдалану құқығы басқа тұлғаға берілсе, онда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көрсетілген міндеттемелердің бірі қосылады.
6. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап – екі ай ішінде, ал осы баптың 5-тармағында көрсетілген кен орындары бойынша жиырма төрт ай ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган ұзарту туралы шешім қабылдайды немесе мұндай ұзартудан бас тартады.
7. Құзыретті орган:
1) егер өтініш осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімнен кеш берілсе;
2) егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;
3) егер кен орнын әзірлеу жобасында өтініште сұралатын мерзімнен аз мерзімде әзірлеу көзделсе;
4) жер қойнауын пайдаланушының құзыретті органның хабарламасында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерінің жойылмаған бұзушылықтары болса;
5) құзыретті органның келісімшартты ұзартуға ниеті болмаған, оның ішінде, жер қойнауын пайдаланушының қосылған құны жоғары өнім (неғұрлым жоғары қайта жасалған және қайта өңделген) өндіруді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемені не осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделгендерді қоса алғанда, өзге де инвестициялық міндеттемелерді қабылдауы жөнінде онымен келісімге келмеген жағдайда, өндіру кезеңін ұзартудан бас тартады.
Осы тармақтың 1) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, құзыретті органның өндіру кезеңін ұзартудан бас тартуы өтініш иесін қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды.
8. Өндіру кезеңін ұзарту өтініште көрсетілген жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бойынша ғана жүргізіледі.
9. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгі келісімшартқа сәйкес келсе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өндіру кезеңін ұзартуды көздейтін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа толықтыру жасалады.
10. Егер келісімшарт құзыретті орган бекітетін көмірсутекті барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келмесе, өндіру кезеңін ұзарту кезінде жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган арасында ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде көмірсутектерді өндіруге үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген жаңа редакциядағы көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарт жасалады.
11. Егер келісімшарт шеңберінде көмірсутектерді өндіру кезеңі кемінде жиырма жыл мерзімге белгіленсе, онда өндіру кезеңі ұзартылған кезде келісімшарт талаптары Қазақстан Республикасының осындай ұзарту күніне қолданыста болатын заңнамасына сәйкес келтірілуге тиіс.
Ескерту. 120-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-ТАРАУ. КӨМІРСУТЕКТЕРДІ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ ШАРТТАРЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Жылу энергетикасы туралы 34-бап. Тараптардың жылумен жабдықтауға арналған отынды беруге және пайдалануға байланысты жауапкершілігі мен міндеті Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы 21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 162.016610 КОФ ГК РК 12-2009 Изгороди живые Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 198-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлаудың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 43-бап. Мемлекеттің басым құқығыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей