Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 139 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
139-бап. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттарының сараптамалары

1. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалау құжаттары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. 

2. Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін жобаны қоспағанда, барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) хабарлама тәртібімен құзыретті органға жіберіледі. 

3. Бағалау бойынша барлау жұмыстарын, теңіздегі барлау жұмыстарын, осы Кодекстің 113-бабына сәйкес жер қойнауы учаскесін ұлғайтуды көздейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар), сынамалап пайдалану жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын әзірлеу жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау жүргізу қажеттілігінің жоқ екені туралы тұжырымы бар қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың қамту аясын және (немесе) белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды немесе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды болған кезде жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады. 

4. Сынамалап пайдалану жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды жедел есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады. 

Кен орнын әзірлеу жобасы жер қойнауын пайдаланушы геологиялық қорларды есептеу бойынша есепке қатысты жер қойнауына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады. 

5. Егер техникалық жобалау құжаттарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерінің құрылысы көзделсе, онда мұндай жобалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес сараптамаға жатады. 

6. Егер осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген сараптаманы жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың оң практикасын сақтаудан ауытқусыз жоя алмайтын келіспеушіліктер туындаған жағдайда, сол жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша құзыретті орган өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті шешімді әзірлеу үшін мүдделі мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушы және жобалау институты өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізуді ұйымдастырады. 

Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...137 138 139 140 141 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться