Ст. 142 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
142-бап. Жобалау құжаттарының орындалуын мониторингтеу
1. Жер қойнауын пайдаланушының барлау жұмыстары жобасын және сынамалап пайдалану жобасын орындауын мониторингтеуді жобалау ұйымы жыл сайын авторлық қадағалау жүргізу арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте ұңғымаларды бұрғылауды және (немесе) сынауды көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы бойынша авторлық қадағалау жүргізілмейді.
2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын әзірлеу жобасын орындауын мониторингтеу:
1) жобалау ұйымының жыл сайын авторлық қадағалау жүргізуі;
2) кемінде үш жылда бір рет орындалатын көмірсутектер кен орнының әзірленуіне талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Авторлық қадағалау және көмірсутектер кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
4. Авторлық қадағалау кезінде кен орнын игеруді бақылау арқылы алынатын ағымдағы геологиялық-кәсіпшілік ақпарат пайдаланылады, ал қадағалаудың нәтижелері жыл сайынғы есеп түрінде баяндалады.
5. Авторлық қадағалау жөніндегі жыл сайынғы есепте:
1) нақты қол жеткізілген технологиялық өлшемдер мәндерінің жобалау мәндеріне сәйкес келуі;
2) нақты және жобалау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтардың және (немесе) жобалық шешімдердің орындалмау себептері;
3) барлау жұмыстарының жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және барлау жұмыстарын жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
4) сынамалап пайдалану жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және сынамалап пайдалану жүргізу кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар;
5) кен орнын игеру жобасы бойынша – жобалау шешімдеріне қол жеткізу және игеру жүйесін меңгеруде анықталған кемшіліктерді жою бойынша және (немесе) жекелеген жобалық шешімдерді және кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштерін өзгерту қажеттілігін айқындау үшін әзірлеуге кезектен тыс талдау жүргізу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Авторлық қадағалау жүргізу кезінде жер пайдаланушы бұрын тартқан жобалау ұйымын өзгеге алмастыру қажет болған жағдайда, мұндай алмастыруға жобалау құжаты авторының келісуімен жол беріледі.
6. Кен орнын әзірлеуді талдау пайдалану объектісін әзірлеу процесінде ұңғымалар мен қабаттарға жүргізілген геологиялық-кәсіпшілік, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ өнімді қабаттарда өтетін көмірсутектер қорларының ағымдағы орналасуы әзірлеу көрсеткіштерінің серпінін және процестерді кен орнын игерудің жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау нысанына кешенді түрде зерттеуді білдіреді.
7. Көмірсутектер кен орнын әзірлеуді талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және оны жер қойнауын пайдаланушы хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
8. Кен орнын әзірлеудің нақты және жобалау көрсеткіштері арасында елеулі (он пайыздан астам) айырмашылықтар болған жағдайда, кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы көмірсутектер кен орнын әзірлеу нәтижелері бойынша талдау нәтижелерінің негізделген тұжырымы болған кезде жобалау құжаттарын талдау нәтижелері мемлекеттік сараптамаға жатады.
9. Орталық комиссия көмірсутектер кен орындарын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды шығарған жағдайда осындай талдаудың жобалық шешімдері мен көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеудің, бекіту мен оларды мемлекеттік сараптамадан өткізудің үш жылдан аспайтын кезеңіне кен орнын әзірлеу жобасының жобалау шешімдері мен көрсеткіштері ретінде бағаланады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
143-баптың осы редакциясы 01.01.2024 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 27.12.2017 № 125-VI Кодексімен (тоқтатыла тұру кезеңіндегі редакцияны осы Кодекстің 277-бабының 12-тармақтың 3) тармақшасынан қараңыз).
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей