Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 165 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
165-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған кездегі жер қойнауы учаскесі мен мүлікті сенімгерлік басқару

1. Осы Кодекстің 164-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда, құзыретті орган жер қойнауы учаскесін кейіннен өзге тұлғаға беру үшін оны уран саласындағы ұлттық компанияның сенімгерлік басқаруына беру шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уран саласындағы ұлттық компаниямен осы жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартын жасасады.  

2. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлікпен басқару шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі пайдаланылып, уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында әзірленеді әрі жасалады және сенімгерлік басқарушыға: 

1) уран өндіруді жүргізуге арналған келісімшарт жасамастан уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;  

2) жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жер пайдалану құқығында жер учаскесін алу құқығын береді.  

3. Сенімгерлік басқарушының жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқаруы кезінде жүргізген және белгіленген тәртіппен расталған шығыстарын, жүргізілген шығыстардың қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсынған кезде оны пайдаланудан түскен кірістер есебінен өтетуге құқығы бар. 

Шығыстар осылайша өтелген жағдайда жаңа жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес бұрын өтелген сенімгерлік басқарушының шығындарының орнын толтырмайды. 

Кіріс болмаған не ол жеткіліксіз болған жағдайда шығыстарды өтеу құрылтайшының (пайда алушының) есебінен жүзеге асырылады. 

4. Сенімгерлік басқарушының шығыстарын өтеуге және сенімгерлік басқару шартын орындауға байланысты салықтарды төлеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, сенімгерлік басқарудан түскен кірістер сенімгерлік басқару шартының қолданылуын тоқтату нәтижелері бойынша құрылтайшыға (пайда алушыға) жіберіледі.  

5. Жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шарты шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы Кодексте көзделген талаптарды сақтаусыз жүзеге асырылады. 

6. Сенімгерлік басқарушы жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартымен өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана отырып немесе белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәмілелерден туындайтын міндеттемелер бойынша өз мүлкімен жауап береді. 

7. Жер учаскесі сенімгерлік басқарушыға жер қойнауы учаскесін сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзіміне, бірақ ол жасалған күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге қайта ресімделеді. 

Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-ТАРАУ. УРАН ӨНДІРУ УЧАСКЕЛЕРІ МЕН АУМАҚТАРЫ

Статья 1 ...163 164 165 166 167 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться