Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 182 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.12.2023

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
182-бап. Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттары туралы жалпы ережелер

1. Мыналар уран өндіру саласындағы жобалау құжаттары болып табылады: 

1) уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы; 

2) уран кен орнын әзірлеу жобасы; 

3) уран өндіру салдарын жою жобасы. 

2. Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы шарт негізінде тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жасайды. 

3. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4. Уран өндіру саласындағы жобалау құжаттарын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. 

5. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

6. Жобалау құжаттарында көзделген уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің түрлерін, тәсілдерін, технологияларын, көлемі мен мерзімдерін өзгертуге осындай жобалау құжаттарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін жол беріледі. 

7. Егер бекітілген жобаларда айқындалған өндіру көлемдері жыл сайын уран кен орнын әзірлеудің тау-кен-геологиялық және технологиялық шарттары өзгертілместен бір жылда бекітілген көрсеткіштерден физикалық тұрғыда жиырмадан аз пайызға өзгерсе, бекітілген жобаларға өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалмайды. 

Жобалау құжаттары жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларға сәйкес жасалады.  

8. Егер Қазақстан Республикасы экология заңнамасының ережелерінен өзгеше туындамаса, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және кен орнын әзірлеу жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сараптама мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады. 

9. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір үш жыл сайын құзыретті органға игеру жобасының көрсеткіштеріне сәйкес жобалық шарттардың орындалуын талдауды сараптамаға жіберуге міндетті. 

Ескерту. 182-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...180 181 182 182‑1 183 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!


Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?


И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.


У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.


После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться