Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 183-1 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
183-1-бап. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама

1. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес уран кен орындарын әзірлеу кезінде жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.  

2. Жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының уран кен орындарын әзірлеу жөніндегі орталық комиссиясы (бұдан әрі – орталық комиссия) геология және әзірлеу саласында арнаулы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.  

3. Орталық комиссияның қызметiн ұйымдастыру, оның құрамы, жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу уран өндiру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетін орталық комиссия туралы ережеде айқындалады.  

4. Уран кен орнының жобалау құжаттарына және әзірленуін талдауларға мемлекеттік сараптама екі ай ішінде жүргізіледі.  

Мемлекеттік сараптама жүргізу мерзімі орталық комиссияның шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін, бірақ ол үш айдан аспайды. 

5. Жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға мемлекеттік сараптама жүргізу нәтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол оң немесе теріс болуы мүмкін. Сараптамалық қорытындының көшірмесі оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыға жіберіледі. 

6. Теріс сараптамалық қорытындыны шығаруға мыналар: 

1) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде мазмұны, құрылымы және ресімделуі бойынша жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленген талаптарға және (немесе) келісімшарт ережелеріне сәйкес келмеуі; 

2) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың жер қойнауын пайдаланудың оң практикасына сәйкес келмеуі; 

3) жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың уран ресурстары мен қорларын бағалау туралы есепке сәйкес келмеуі;  

4) жобалау құжатында немесе әзірлеуді талдауда ұсынылған жобалау шешімдерінің техникалық және (немесе) экономикалық негіздемесінің жеткіліксіздігі негіз болып табылады. 

7. Жобалау құжатының немесе әзірлеуді талдаудың мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысында оны шығару негіздемесі және жобалау құжатын немесе әзірлеуді талдауды пысықтау жөніндегі ұсынымдар келтіріледі. 

Ескерту. 183-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...182‑1 183 183‑1 184 185 ...278

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?


Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?


Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?


Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться