Ст. 184 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
184-бап. Жобалау құжаттарын орындаудың мониторингі
1. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 2. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және әзірлеу жобаларын орындауына мониторинг үш жылда кемінде бір рет орындалатын уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Уран кен орнын әзірлеуге талдау жүргізуге қойылатын талаптар уран өндіру саласындағы уәкілетті орган бекітетін жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда белгіленеді.
4. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
5. Алып тасталды – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
6. Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларда әзірлеуді талдау шеңберінде жобалау құжаттарының жекелеген көрсеткіштерін болмашы (жиырма пайыздан аз) түзету мүмкін болатын жағдайлар белгіленеді.
7. Кен орнын әзірлеуді талдау әзірлеу процесінде геологиялық, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерін кен орнын әзірлеу жүйесін жетілдіру қажеттілігін анықтау тұрғысынан кешенді зерттеуді білдіреді. Кен орнын әзірлеуді талдау жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.
8. Уран кен орны әзірленуін талдауды жер қойнауын пайдаланушы тартатын, тиісті қызмет түріне лицензиясы бар жобалау ұйымы жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушы талдауды хабарлама тәртібімен құзыретті органға жібереді.
9. Кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы уран кен орнын әзірлеуді талдау нәтижелері бойынша негізді тұжырым болған кезде кен орнын әзірлеудің іс жүзіндегі және жобалау көрсеткіштері арасында едәуір (жиырма және одан көп пайыз) алшақтықтар болған жағдайда талдау нәтижелері кен орнын әзірлеу жобасының мемлекеттік сараптамасы үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен орталық комиссияның қарауына жатады.
10. Орталық комиссия уран кен орнын әзірлеуді талдау бойынша оң қорытынды қабылдаған жағдайда жобалау шешімдері мен осындай талдаудың көрсеткіштері кен орнын әзірлеу жобасына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу, бекіту және оларға мемлекеттік сараптама жүргізу кезеңіне жобалау шешімдері мен кен орнын әзірлеу жобасының көрсеткіштері ретінде бағаланады, ол бір жылдан аспауға тиіс.
Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.03.2021 № 14-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
ІХ БӨЛІМ. ПАЙДАЛЫ ҚАТТЫ ҚАЗБАЛАРДЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ
27-тарау. Пайдалы қатты қазбаларды барлау
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей