Ст. 19 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
19-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретіндегі жер қойнауы учаскесі
1. Осы Кодекске сәйкес пайдалануға берілетін, белгілі бір кеңістікті шекаралары бар жер қойнауының геометрияланған бөлігі жер қойнауы учаскесі деп танылады. Жер қойнауы учаскесінің кеңістікті шекаралары жер бетінде тұйық контурларды (шекараларды) қалыптастыратын географиялық координаттары бар нүктелері (жер қойнауының аумағы) мен үстіңгі және төменгі кеңістік шекараларын қалыптастыратын тереңдік арасындағы тікелей сызықтан шығатын шартты жазықтықтардан құрылады.
Жер қойнауы учаскесінің үстіңгі кеңістік шекаралары – топырақ қабатынан төмен, ал ол болмаған кезде жер бетінен және (немесе) су айдындары, су ағындары түбінен төмен орналасады. Жер қойнауы учаскесінің төменгі кеңістік шекаралары геологиялық зерттеу және игеру үшін қолжетімді тереңдікте орналасады.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауы учаскесінің үстіңгі және (немесе) төменгі кеңістік шекаралары өзге де тереңдікте орналасуы мүмкін.
2. Пайдалы қазбаларды барлау (барлау учаскесі) жөніндегі операцияларды және геологиялық зерттеу (геологиялық зерттеу учаскесі) жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің аумағын сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағы шартты түрде, әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең болатын блоктарға бөлінеді. Жиырма бес блок әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде бес минутқа тең болатын блоктардың кіші секциясын құрайды. Жүз блок әрбір жағы координаттардың географиялық жүйесінде он минутқа тең болатын блоктар секциясын құрайды.
Әрбір блоктың және блоктардың кіші секциясының және секциясының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін өздерін сәйкестендіруші координаттары мен жеке кодтары болады. Барлау учаскесінің (барлау аумағы) немесе геологиялық зерттеу учаскесінің (геологиялық зерттеу аумағы) аумағы бір немесе одан көп блоктардан тұруы мүмкін. Егер аталған аумақ екі немесе одан да көп блоктан тұратын болса, осы аумақтағы әрбір блоктың оның ең болмағанда басқа бір блогымен ортақ жағы болуға тиіс.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, барлау немесе геологиялық зерттеу аумағы блоктың бір бөлігін (толық емес блокты) қамтуы мүмкін. Егер көрсетілген аумақ екі және одан көп толық емес блоктардан тұрса, әрбір мұндай блоктың ең болмағанда осы аумақтың басқа бір толық немесе толық емес блогымен ортақ жағы болуға тиіс.
3. Пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі (өндіру учаскесі), кен іздеушілік (кен іздеушілік учаскесі) пен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі (жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі) операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі аумағының сыртқы шекаралары тіктөртбұрышты құрауға тиіс. Егер табиғи ерекшеліктер немесе өзге жер қойнауы учаскесінің шекаралары тиісті өндіру учаскесі, кен іздеушілік учаскесі немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалану учаскесі аумағының сыртқы шекараларын тіктөртбұрыш формасында анықтауға мүмкіндік бермесе, мұндай жер қойнауы учаскесінің аумағы төртбұрыш формасында болуы мүмкін, оның ең болмағанда қарама-қарсы екі жағы бір-біріне параллель болуға тиіс.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, өндіру учаскесінің аумағы көпбұрыш формасында болуы мүмкін.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей