Ст. 198 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
198-бап. Пайдалы қатты қазбаларды барлаудың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету
1. Салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау осы баптың талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларға тыйым салынады. 2. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодексте көзделген кез келген тәсілдер үйлесімінде ұсынылуы мүмкін.
3. Қамтамасыз етудің жалпы сомасы пайдалы қатты қазбаларды барлау аумағын құрайтын блоктардың саны мен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізінде есептеледі. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бір блок үшін қамтамасыз ету мөлшерін өзі бекітетін әдістеме бойынша айқындайды.
Осы тармақта көзделген қамтамасыз ету сомасы жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жер қойнауын пайдаланушы барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тартқан жағдайда және онда барлау салдарын жоюды аяқтаған кезде соған мөлшерлес азайтуға жатады. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасының азайтылғаны туралы хабардар етеді.
4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда барлау жөніндегі жұмыстардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудың қосымша қамтамасыз етуін ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз ету сомасы осы жағдайда жасалатын жою жоспары негізінде осы Кодекстің 219-бабының 3-тармағына сәйкес есептеледі.
Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей