Ст. 222 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
222-бап. Ұстап тұру мәртебесі ұғымы және оны беру негіздері
1. Ұстап тұру мәртебесі деп осы Кодексте көзделген шарттарда және тәртіппен жер қойнауын пайдаланушының көрсетілген учаскеде (немесе оның бір бөлігінде) пайдалы қатты қазбаларды өндіруді бастамау немесе тоқтата тұру құқығын көздейтін, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінің айрықша құқықтық режимі танылады.
Осы тараудың ережелері пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі кезеңінде қандай уақытта да қолданылуы мүмкін.
2. Жер қойнауы учаскесіне ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыны ұстап тұру мәртебесінің қолданылу кезеңіне осы Кодекстің 210-бабында көзделген міндеттерді, сондай-ақ онымен байланысты есептілікті беру бойынша міндеттемелерді орындаудан босатады.
Өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесінің бір бөлігіне ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің 208-бабының 2) тармақшасында көзделген міндеттемелерінің мөлшерін пропорционалды түрде азайтуға алып келеді.
3. Ұстап тұру мәртебесі кейінгі бес жылға дейінгі мерзімге ұзарту мүмкіндігімен қатарынан бес жылға дейінгі кезеңге беріледі. Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне қатысты ұзарту мерзімі ескеріле отырып, ұстап тұру мәртебесінің жалпы мерзімі он жылдан аспайды.
4. Ұстап тұру мәртебесін беру жер қойнауын пайдаланушыға ұстап тұру мәртебесі қолданылатын жер қойнауы учаскесінің аумағы және осындай мәртебенің қолданылу мерзімі көрсетіле отырып қайта ресімделген өндіруге арналған лицензияны беру арқылы расталады.
5. Ұстап тұру мәртебесі мынадай негіздердің кез келгені болған кезде беріледі:
1) анықталған минералды ресурстарды өндіру келешектегі бес жыл ішінде рентабельді болуы мүмкін деп пайымдауға ақылға қонымды негіздер болған кезде қолайсыз нарықтық жағдайларға байланысты мұндай өндірудің жер қойнауын пайдаланушы үшін рентабельсіз болып табылуы;
2) экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін технологияның болмауы;
3) еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайларда төтенше және ырық бермейтін мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және тағы сол сияқты) болуы;
4) жер қойнауын пайдаланушыға оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімінің күшіне енуі.
Ескерту. 222-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер ҚР Еңбек кодексi 114-бап. Жұмыскердің орташа жалақысын есептеу ҚР Азаматтық кодексi 121-бап. Күрделi заттар Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей