Ст. 244 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
244-бап. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің мазмұны
1. Қайта өңдеу туралы келісімде мыналар қамтылуға тиіс: 1) келісім нысанасы;
2) жер қойнауын пайдаланушыда бар, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге негіз болған құжатқа нұсқау;
3) жер қойнауын пайдаланушының инвестициялық және әлеуметтік міндеттемелері;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берілген инвестициялық преференцияның (преференциялардың) түрі;
5) берілген инвестициялық преференцияны қолдану мерзімі;
6) келісімге сәйкес құрылған, кеңейтілген немесе жаңғыртылған өндірістік мүлікті пайдаланудан шығару, оны демонтаждау, кәдеге жарату және бүлінген жерді рекультивациялау бойынша міндеттемелер;
7) қайта өңдеу туралы келісім шарттарын бұзғаны үшін жауаптылық.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасы қайта өңдеу туралы келісімге қолданылатын құқық болып табылады.
3. Қайта өңдеу туралы келісімде өндіруге арналған ең төмен шығыстар және жер қойнауын пайдаланушының оқытуды, Қазақстан Республикасындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметті қаржыландыру бойынша міндеттемелері туралы осы Кодексте және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияда (лицензияларда) көзделген шарттардан өзге шарттар көзделуі мүмкін.
Көрсетілген шарттарды өзгерту немесе алып тастау қайта өңдеу туралы келісім жасасу күні лицензияны тиісінше қайта ресімдеуге алып келеді.
4. Қайта өңдеу туралы келісім тараптар айқындайтын басқа да ережелерді де қамтуы мүмкін.
5. Қайта өңдеу туралы келісім жер қойнауын пайдалану құқығын беру және тоқтату туралы ережені қамтымайды.
6. Қайта өңдеу туралы келісім мерзімі осындай келісімде көзделген өндіруге арналған лицензия мерзімінен аспайды. Егер келісім пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған екі немесе одан көп лицензияға сілтеме жасаса, онда келісім мерзімі солардың біреуінің мерзімінің аяқталатын ең соңғы күні аяқталады.
Қайта өңдеу туралы келісімде көзделген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияның (барлық лицензиялардың) қолданылуын тоқтату осы келісімді тоқтатуға алып келеді.
7. Қайта өңдеу туралы келісім қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Тараптардың келісуі бойынша қайта өңдеу туралы келісімнің мәтіні өзге тілге де аударылуы мүмкін.
8. Қайта өңдеу туралы келісімді жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі қатынастарға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы осы тарауда реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 249-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 241-бап. Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш О недрах и недропользовании Статья 227. Условия статуса удержания Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы 19-бап. Сайлау құқығындағы шектеулер Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 131-бап. Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Дене шынықтыру және спорт туралы 13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей