Ст. 29 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
29-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия ұғымы
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия мемлекеттік орган беретін және оның иесіне көрсетілген жер қойнауы учаскесінің шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін рұқсаттарға жатпайды.
2. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия бір ғана жер қойнауы учаскесін пайдалану үшін беріледі.
3. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір тұлғаға жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялардың шексіз саны берілуі мүмкін.
4. Лицензия мүдделі тұлғаның өтініші бойынша беріледі. Лицензия беруге өтініш нысанын құзыретті орган бекітеді.
5. Берілген лицензия жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында берілген күні орналастырылады.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган берілген лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Лицензияда қамтылған мәліметтерден басқа, көрсетілген тізілімде мынадай мәліметтер қамтылады:
1) жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын жеке тұлғаның тұрғылықты жері туралы;
2) жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты ауыртпалықтың тіркелгені туралы;
3) есепті жүргізу мақсаттары үшін қажетті өзге де мәліметтер.
Берілген лицензиялардың тізілімін жүргізу тәртібін құзыретті орган белгілейді.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 249-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 19-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау мерзiмдерi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 32-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияға өзгерістер енгізу Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 180-бап. Жер қойнауын пайдаланушының тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді және уран өндіруді жүргізу кезіндегі есептілігі Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 19-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектісі ретіндегі жер қойнауы учаскесі Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы 15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртiбiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей