Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
36-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нысаны мен мазмұны

Ескерту. 36-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобалары құзыретті орган бекітетін келісімшарттардың үлгілік нысандарына сәйкес әзірленеді. Келісімшарттың үлгілік нысанынан ауытқуға осы Кодексте көзделген жағдайларда, шектерде және тәртіппен жол беріледі.  

1-1. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттарына және пайдалы қазба түріне қарай үлгілік келісімшарттардың мынадай нысандарын бекітеді: 

1) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 

2) күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;  

3) көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт; 

4) көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;  

5) уран өндіруге арналған үлгілік келісімшарт. 

1-2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін күрделі жобаларға мыналар жатады:  

1) Каспий немесе Арал теңізінің қазақстандық секторы шегінде толық немесе ішінара орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) кез келген көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін теңіз жобалары; 

2) мынадай: 

құрамында дәстүрлі емес көмірсутектер қоры болатын; 

анықталған көмірсутектер кенжатынының (кен орнының) ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік тереңдігі 4500 метрден кем болмайтын; 

табылған кенжатындағы (кен орнындағы) күкіртті сутектің құрамы қабаттық флюидте 3,5 және одан да көп пайызды құрайтын;  

табылған кенжатын (кен орны) ұңғыманың оқпанындағы сұйықтықтың тығыздығы 1000 кг/м3 болатын гидростатикалық қысымға қабаттық қысымның қатынасы ретінде айқындалатын, аномальдық коэффициенті 1,5 және одан жоғары аномальдық жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын;  

табылған кенжатын (кен орны) қалыңдығы 100 метрден асатын тұзды шөгінділердің астында орналасатын; 

табылған кенжатын құрылымдық емес тұтқыштарға жататын параметрлердің кем дегенде біреуі болатын жер қойнауының кез келген учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді көздейтін құрлықтағы жобалар; 

3) газ немесе газ конденсатының кенжатыны немесе мұнайға қаныққан бөлігі көлемінің үлесі кенжатынның немесе кен орнының жалпы көмірсутектер көлемінің жиырма бес және одан аз пайызы болатын кен орны бар жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді көздейтін құрлықтағы газ жобалары. 

1-3. Күрделі жобаға жатқызуға мүмкіндік беретін геологиялық ақпараты жоқ құрлықтағы жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес барлауға және өндіруге арналған келісімшарт жасалады. 

Мұндай жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағында белгіленген барлау кезеңінің ішінде кез келген уақытта төменде көрсетілген тәсілдердің кез келгенімен: 

1) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, кен орнының осы баптың 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар өлшемшарттарының кем дегенде біреуіне сәйкестігін растайтын, геологиялық қорларды жедел есептеу жөніндегі есеппен; 

2) жер қойнауын пайдаланушы бекіткен және жер қойнауы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысын алған, кен орнының осы баптың 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген күрделі жобалар өлшемшарттарының кем дегенде біреуіне сәйкестігін растайтын, геологиялық қорларды есептеу жөніндегі есеппен күрделі жобаның мәртебесін растайды. 

Күрделі жобаның мәртебесін осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жүргізілген растау түпкілікті болып табылады және барлау кезеңінің тиісті келесі кезеңдерінде және (немесе) өндіру кезеңінде қосымша растауды талап етпейді. 

Күрделі жоба бойынша барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңі ішінде күрделі жобаның мәртебесі расталмаған жағдайда, өндіру кезеңіне өту кезінде мұндай келісімшарттың талаптары осы Кодекстің 119-бабына сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес келтірілуге тиіс. 

1-4. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табылған кен орындарынан ең болмағанда бір кен орны осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген күрделі жоба өлшемшарттарының біріне сәйкес келсе, мұндай кен орындарына осы Кодекстің күрделі жобалар үшін белгіленген ережелері күрделі санаттарға жататын кен орнының (кен орындарының) бастапқы алынатын көмірсутек қорлары үлесінің келісімшарт бойынша табылған барлық кен орындарының бастапқы алынатын қорларының жартысынан астамын құрау шартымен қолданылады. 

2. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта қамтылатын міндетті шарттардың қатарына мыналар жатады: 

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі; 

2) келісімшарттың қолданылу мерзімі; 

3) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шекаралары; 

4) жер қойнауын пайдаланушының жұмыс (қосымша жұмыстар) бағдарламасында көзделген жер қойнауы учаскелеріндегі жұмыстар көлемі мен түрлері бойынша міндеттемелері; 

5) жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды өндіру кезеңінде оқытуды қаржыландыруы жөніндегі міндеттемелері; 

6) жер қойнауын пайдаланушының кадрлардың елішілік құндылығының ең төмен үлесі жөніндегі міндеттемелері; 

7) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстің талаптарына сәйкес келетін тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, оның ішінде көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізілген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша елішілік құндылық үлесі жөніндегі міндеттемелері; 

8) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдаланудың салдарын жою жөніндегі міндеттемелері; 

9) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және ғылыми-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері; 

10) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстары бойынша міндеттемелері; 

11) жер қойнауын пайдаланушының және оның мердігерлерінің көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін сақтауы жөніндегі міндеттемелері;  

12) жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекспен келісімшарттық міндеттемелерге жатқызылатын көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша базалық жобалау құжаттары көрсеткіштерінің бұзылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оның мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың белгіленген тәртібін сақтауы бойынша міндеттемелерді бұзушылығын қоса алғанда, келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы;  

13) жер қойнауын пайдалану құқығы берілген өзге де шарттар.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттардан басқа, сарқылып жатқан кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта осы Кодекстің 153-1-бабында көзделген инвестициялық міндеттеме қамтылуға тиіс. 

2-1. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт мынадай шарттарды қамтуға тиіс: 

1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрі; 

2) келісімшарттың қолданылу мерзімі; 

3) жер қойнауы учаскесінің (учаскелерінің) шекаралары; 

4) жер қойнауын пайдаланушының жұмыстар (қосымша жұмыстар) бағдарламасында көзделген, барлау кезеңіндегі жер қойнауы учаскесіндегі жылдар бойынша жұмыстардың көлемдері, түрлері және мерзімдері бойынша міндеттемелері; 

5) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері; 

6) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері; 

7) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелері және осындай міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілдері; 

8) жер қойнауын пайдаланушының өндіру кезеңінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстар бойынша міндеттемелері; 

9) салық салу және кедендік әкету баждарын төлеуден босату шарттары; 

10) жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылығы; 

11) кадрлардағы елішілік құндылықтың үлесі; 

12) тиісті күрделі жобаға осындай талап қолданылған жағдайда тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі елішілік құндылықтың үлесі; 

13) келісімшарттың қолданылу мерзімін өзгерту және ұзарту шарттары мен тәртібі; 

14) дауларды шешу тәртібі; 

15) көмірсутектердің ірі кен орындары үшін осы Кодекстің 119-бабының 7-тармағында көзделген міндеттеме; 

16) жер қойнауын пайдалану құқығы берілген және (немесе) тиісті үлгілік келісімшартта көрсетілген өзге де шарттар. 

3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бұрын тоқтатылған және көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниямен сенімгерлік басқару шарты жасалған жер қойнауы учаскесіне келісімшарт жасалған жағдайда, жасалатын келісімшартта жаңа жер қойнауын пайдаланушының:  

1) бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға осы Кодекстің 119-бабының 19-тармағына сәйкес берілген мүліктің құнын өтеу бойынша;  

2) осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушыға жүргізілген шығындарды өтеу, сондай-ақ оған сыйақы төлеу бойынша міндеттемелері қамтылуға тиіс. 

4. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген барлау кезеңімен, дайындық кезеңімен (қажет болған кезде) және өндіру кезеңімен айқындалады. 

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі бірлескен болып табылады және осы Кодекстің 116-бабының 2-тармағына сәйкес бастапқы барлау кезеңін, бағалау кезеңін және сынап пайдалану кезеңін қамтитын барлау кезеңінен және ірі кен орындары үшін осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағында көзделген өндіру кезеңінен тұрады. 

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшартты қоспағанда, көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі онда дәйекті түрде бекітілген дайындық кезеңімен және өндіру кезеңімен айқындалады. 

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі осы Кодекстің 119-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын өндіру кезеңінің мерзімі негізінде белгіленеді.  

5. Егер жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмейтін күш мән-жайларының дәлелдемелерін ұсынатын болса, құзыретті орган барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың, өндіруге арналған келісімшарттың, күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарттың немесе күрделі жоба бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін осындай мән-жайлардың әсер ету мерзіміне ұзартады. 

5-1. Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттағы кадрлардағы елішілік құндылық үлесін жер қойнауын пайдаланушы мыналарды: 

1) жер қойнауын пайдаланушының басқарушылық және әкімшілік мұқтаждарына қарай оның шетелдік немесе қазақстандық кадрларды қажетсінуін; 

2) Қазақстан Республикасының нарығында жер қойнауын пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін белгілі бір санат бойынша білікті қазақстандық персоналдың болуын; 

3) тағылымдаманы қоса алғанда, қазақстандық кадрларды кезең-кезеңімен оқытуды және басшы санаттар бойынша шетелдік кадрларды қазақстандық кадрлармен кейіннен біртіндеп ауыстыруды ескере отырып айқындайды. 

Күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартта мамандар мен білікті жұмысшылар бойынша кадрлардағы елішілік құндылықтың ең аз үлесі келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың тиісті санат бойынша жалпы санының кемінде жетпіс пайызын құрауға тиіс. 

6. Келісімшарт қазақ және орыс тілдерінде жасалады. Егер жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес иелерінің ең болмағанда біреуі шетелдік, шетелдік заңды тұлға немесе шетел қатысатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болып табылса, онда осындай жер қойнауын пайдаланушымен күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша ағылшын тілінде де жасалады. 

7. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының кәсіпкерлік қызметінің нәтижелерін нашарлататын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер және толықтырулар осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттарға қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген кепілдіктер осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, салық салу, кедендік реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қолданылмайды. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген кепілдіктер күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірілген шикі мұнайға кедендік әкету баждарын төлеуден уақытша босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының кедендік реттеу саласындағы заңнамасындағы өзгерістерге қолданылады. 

8. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қолданылатын құқық Қазақстан Республикасының құқығы болып табылады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...278

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться