Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2026

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
42-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы

1. Мыналар:  

1) өтемді не өтеусіз азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде, оның ішінде заңды тұлға таратылған жағдайда оларды иеліктен шығару, сондай-ақ оларды салым ретінде заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жарғылық капиталына енгізу; 

2) жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектілерден, оның ішінде кепілге салу кезінде өндіріп алу;  

3) жаңа қатысушыны, пайшыны қабылдау немесе акцияларды орналастыру нәтижесінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіге құқықтың туындауы;  

4) заңды тұлға қайта құрылған кезде тапсыру актісі немесе бөлу теңгерімі негізінде жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы;  

5) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің мұрагерлік тәртіппен ауысуы;  

6) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы деп танылады.  

Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығару деп Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында осындай объектілерді сатып алу туралы ұсыныс жасау және (немесе) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) шет мемлекеттің аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасында акцияларды орналастыру танылады.  

2. Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алған немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды айналымға шығаруды жүзеге асырған тұлға құзыретті органды жүзеге асырылған сатып алу туралы немесе тиісінше, жүзеге асырылған айналымға шығару туралы сатып алу немесе осындай айналымға шығару күнінен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етуге міндетті.  

2-1. Егер көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған басқа келісімшарт (келісімшарттар) болмаған кезде көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған келісімшарт объект жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объект деп танылатын жалғыз келісімшарт болса, келісімшарт жасалған күннен бастап алғашқы үш жыл ішінде осындай келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектілердің ауысуына тыйым салынады. 

3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қатысу үлестері, акциялар, пайлар және үлестік қатысулардың басқа да құралдары иесінің өзгеруі не соттың шешімі, заң бойынша мұрагерлік, қатысу үлесін өтеу, тәркілеу және өзге де оқиғалар немесе мемлекеттік органдардың, үшінші тұлғалардың құқық қатынастары субъектісінің еркіне байланысты емес әрекеттері негізінде олардың арақатынасының өзгеруі жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы деп танылмайды. 

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2025 № 243-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...278

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

если моя бабушка родился в 1967 году ему исполняется 61 год на 2028 году теперь вопрос когда она выйдет на пенсию на 2028 году или на 2029 году


Если у ребенка до 16 лет уже есть паспорт РК, должен ли паспорт родителя подтверждать его гражданство


РАГС вообще не хочет исполнять свою работу как надо. Не позволяют мне сменить фамилию из-за "отсутствия уважительной причины", хотя в законе прописано что неблагозвучность является основанием для перемены. В суд на них давно не подавали, ничего, исправим.


Пидарасы одним словом. Даже уехать спокойно не дадут. В миграционной никто не информирует, а потом начинают крепить на границе за « второе гражданство» Черти


Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.

Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться