Ст. 47 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
47-бап. Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияның немесе өндіруге арналған лицензияның негізінде туындаған, жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесіне) ие жер қойнауын пайдаланушы осындай жер қойнауын пайдалану құқығын берген мемлекеттік органды жер қойнауын пайдаланушының қызметін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын тұлғалар және (немесе) ұйымдар құрамының өзгергені туралы осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етуге міндетті. 2. Хабарламада:
1) бақылауды жоғалтқан немесе алған тұлға, мемлекет немесе ұйым туралы мәліметтер:
жеке тұлғалар үшін – иемденушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы;
заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету;
мемлекет үшін – мемлекеттің толық атауы, мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері;
2) бақылаудың нысаны және тәсілі, сондай-ақ бақылауды жоғалту немесе иелену негізі қамтылуға тиіс.
3. Хабарлама құзыретті орган бекітетін нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
4. Хабардар етілуге жататын мемлекеттік орган жер қойнауын пайдаланушыдан хабарламада көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды (құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшірмелерін) сұратуға құқылы.
5. Осы Кодекстің мақсаттары үшін тікелей бақылау мынадай шарттардың (бақылау тәсілдерінің) ең болмаса біреуінің болуын:
1) заңды тұлғаға немесе өзге ұйымға қатысу құқығының жиырма бес пайыздан астамын иеленуді (қатысу үлесіне құқық, акцияларға, пайларға және меншік құқығын растайтын немесе акцияларға немесе пайларға ауыстырылатын бағалы қағаздарды қоса алғанда, үлестік қатысудың басқа да нысандары);
2) ұйымның жоғары басқару органында барлық дауыстың жиырма бес пайыздан астамымен дауыс беру құқығына ие болуды;
3) жер қойнауын пайдаланушының бөлінетін таза кірісінің жиырма бес пайыздан астамын алуды;
4) шартқа сәйкес немесе Қазақстан Республикасы заңының негізінде басқа ұйымның шешімін айқындау құқығына ие болуды білдіреді.
Жанама түрде бақылау тұлғаның, ұйымның өз араларында тікелей бақылау болатын үшінші ұйым (үшінші ұйымдар) арқылы басқа ұйымды бақылау мүмкіндігін білдіреді.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей