Ст. 54 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
54-бап. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою туралы жалпы ережелер
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы өзіне берілген жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жоюға міндетті. 2. Өндірістік объектілерді және жер учаскелерін халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін іс-шаралар кешені жер қойнауын пайдалану салдарын жою болып табылады.
3. Жою осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқықтары тоқтатылған жер қойнауы учаскелерінде жүргізіледі.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою жер қойнауы учаскесінің бір бөлігін пайдалану құқығын тоқтату, сондай-ақ жою жөніндегі жұмыстар көлемін азайту (прогрессивті жою) мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның немесе келісімшарттың қолданылуын тоқтату жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді тоқтатуға алып келмейді.
5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар салдарын жою ерекшеліктері олардың түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалады.
6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеп-қарау нәтижелері мен жұмыстарды қабылдап алу тәртібін құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей