Ст. 58 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
58-бап. Жоюды қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру
1. Жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушы сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, соған орай жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерін осы Кодексте көзделген тәртіппен орындамауы (сақтандыру жағдайы) сақтандыру сомасын Қазақстан Республикасының пайдасына (пайда алушы) төлеуге алып келеді. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.
Сақтандыру ұйымына сақтандыру сомасын төлеу туралы қойылатын талап сақтандыру ұйымы осындай талапты алған күннен бастап бір ай ішінде бұлжытпай және міндетті түрде орындалуға жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған не орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
1-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес жасалады. Бұл ретте сақтандыру шартының мерзімі:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия үшін кемінде сегіз жылды (ол берілген кезде) немесе кемінде лицензияның қалған мерзімін және барлауға арналған лицензияның мерзімі аяқталған күннен бастап есептелетін қосымша екі жылды;
2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
4) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
5) кен іздеушілікке арналған лицензия үшін кемінде төрт жылды құрауға тиіс.
2. Осы бапта көзделген сақтандыру қатынастары осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
IV БӨЛІМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
9-ТАРАУ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖҮЙЕСІ
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей