Ст. 64 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
64-бап. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын геологиялық зерттеу және жер қойнауы кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты: 1) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және оның кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;
3) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
4) жер қойнауын геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) осы Кодекстің геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
7) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
8) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
9) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10) тармақшаны алып тастау көзделген - ҚР 09.04.2025 № 180-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
11) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
12) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу және бекіту;
13) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және осы Кодексте көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2025 № 180-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) өздігінен ағып жататын иесіз және апаттық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;
15) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;
16) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
ЗҚАИ ескертпесі!
16-1) тармақшасы 01.01.2026 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 277-бабының 5-1-тармағымен.
16-1) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
17) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда геология және жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
17-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарау, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау;
17-2) пайдалы қатты қазбалар кен орындарын барлау бойынша ең төмен талаптарды әзірлеу және бекіту;
18) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;
19) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту;
20) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;
21) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіментінің актілеріндекөзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы іске асырады.
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей