Ст. 76 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
76-бап. Жер қойнауын пайдаланушының есептілігі
1. Жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар туралы есептілік ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын есептілік мерзімді немесе бір реттік болуы мүмкін.
Мемлекеттік органға ұсынылатын мерзімді есептілікте жер қойнауын пайдаланушының белгілі бір кезең ішіндегі (есепті кезең) қызметінің нәтижелері туралы ақпарат қамтылады.
Жер қойнауын пайдаланушы бір реттік есептілікті мемлекеттік органға нақты бір мәселе бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесі туралы хабарлау мақсатында ұсынады.
Есептіліктің құрамы және оны ұсыну тәртібі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері ескеріле отырып, осы Кодекстің Ерекше бөлігінің ережелерінде айқындалады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша осындай сұрау салуды алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, жүргізілген жұмыстарды және жер қойнауын пайдалану бойынша шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін ұсынуға міндетті.
3. Кен іздеушілікті және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға Өндіруші салалар ашықтығының бастамалары стандартында көзделген, "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын тұлға растаған есептілікті ұсынуға міндетті.
Осы есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру бойынша уәкілеттік берілген мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
4. Қызметінің нәтижесінде пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын бағалау туралы есептер дайындалған жер қойнауын пайдаланушылар олардың көшірмелерін геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық операторға ұсынуға міндетті.
Көрсетілген есептер және онда қамтылған мәліметтер құпия болып табылмайды және осы Кодекске сәйкес ашып көрсетілуге жатады.
Ескерту. 76-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2023 № 52-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей