Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 112 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Салық кодексi
112-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстар бойынша салықтық шегерімдер сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып-тексеруді жүргізу тәртібі

1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылған жылдың 15 қазанынан кешіктірмей: 

1) тиісті уәкілетті тұлғаларға – жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген, білім беруге, медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты; 

2) жеке тұлғаға – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде медициналық көрсетілетін қызметтерді алғанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды; 

3) екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – жеке тұлғаның кірістер мен мүлік туралы декларациясында көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы талапты жібереді.  

2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға талап мынадай тәсілдердің бірімен:  

1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

Бұл ретте пошта немесе өзге байланыс ұйымы мұндай талапты пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс; 

2) салық төлеушінің жеке өзіне қолын қойғызып табыс етеді; 

3) веб-қосымшада электрондық тәсілмен жіберіледі. 

3. Салық органдарының талабында көрсетілген, жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген, білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растауды уәкілетті тұлғалар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекстің 24 және 26-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынады. 

4. Осы бапта көзделген салық органдары талаптарының нысандарын және оларды жасау қағидаларын уәкілетті орган тиісінше қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

5. Уәкілетті тұлғалар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көрсетілген мәліметтерді осы Кодекстің 24 және 26-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей жеке тұлғаға медициналық көрсетілетін қызметтерге және білім берудің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растайтын құжаттардың түпнұсқаларын салық органына көрсете отырып, көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді. 

6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация тапсырылған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей келу тәртібімен тұрғылықты жері бойынша салық органына мынадай құжаттардың: 

1) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім берудің көрсетілетін қызметтерін, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын ұсынуға арналған шарттардың; 

2) медициналық көрсетілетін қызметтерге, білім берудің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстарды растайтын құжаттардың; 

3) медициналық көрсетілетін қызметтерді, білім берудің көрсетілетін қызметтерін алуды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуді растайтын өзге де құжаттардың түпнұсқаларын көрсете отырып, көшірмелерін ұсынуға міндетті. 

Егер осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалған болса, осындай құжаттардың нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасының болуы міндетті.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізілген кезде осындай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын іс жүзіндегі шығыстарды растайтын құжат ретінде мынадай құжаттардың бірі: 

банктік шотты пайдалана отырып не банктік шотты пайдаланбай төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын төлем құжаты; 

төлем карточкасын пайдалана отырып не электрондық терминалдар арқылы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде жасалатын чек (бұдан әрі – чек); 

банктік шот бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі – үзінді көшірме) болып табылады, бұл ретте онда пайдасына осындай шығыстарға ақы төлеу жүргізілген тұлғаның атауы мен сәйкестендіру нөмірі болу керек.  

Аталған қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде алынған және оған ақы төленген жағдайда, чектерде және үзінді көшірмелерде өзінің пайдасына осындай қызметтер көрсетуге ақы төлеу жүргізілген тұлғаның сәйкестендіру нөмірін көрсету талап етілмейді.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау және түпнұсқаларды көрсете отырып олардың төлнұсқалығын растамау жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамауға және осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберуге негіз болып табылады. 

7. Салық органы уәкілетті тұлғалардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алынған мәліметтері, осы баптың 6-тармағына сәйкес ұсынылған жеке тұлға құжаттарының түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері негізінде, жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдануының негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға өтініш берілген жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растайды және мынадай: 

1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толығымен растау; 

2) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толық растамау себептерін көрсете отырып, бір бөлігін растау; 

3) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытындылар қалыптастырады. 

8. Осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар: 

1) электрондық салық төлеушіге – веб-қосымша арқылы электрондық тәсілмен; 

2) қалған салық төлеушілерге – хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі. 

Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...110 111 112 113 114 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды


Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться