Ст. 128 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
128-бап. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі
1. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын салық төлеушіге оңайлатылған тәртіппен қайтарылмаған салықтың асып кету сомасы тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жатады. 2. Тақырыптық салықтық тексеру осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жүргізіледі.
3. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық органы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері туралы салық органының сұрау салуына жауап алған кезде салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды сұрау салуға жауап алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады және салық төлеушіге табыс етіледі.
4. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың асып кету сомасын қайтару кезінде салық органы:
1) салықтың қайтаруға ұсынылған асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісін жасайды, бұл ретте оған шағым жасау нәтижелерін ескереді (салық төлеуші шағым жасаған кезде);
2) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
5. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтың қайтарылуы расталған асып кету сомасы қайтару туралы талап көрсетіле отырып, салық бойынша декларацияны ұсыну мерзімі өткен күннен кейінгі елу бес жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде салықтың асып кету сомасы салықтық тексеру актісіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару ҚР Салық кодексi 739-бап. Салық салу объектісі ҚР Салық кодексi 45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу ҚР Салық кодексi 616-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден босату ҚР Салық кодексi 610-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы мемлекеттiк баж мөлшерлемелеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей