Ст. 162 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
162-бап. Ақпарат көздері
1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер негізінде айқындау үшін салық органдары мән-жайларға, тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) қызметінің сипаты мен тегіне қарай мынадай: 1) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында ақшаның болуы және оның қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерімен салыстыруға жататын салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты негізінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер сомаларының есепке жазылуы және түсуі туралы;
4) салық төлеуші (салық агенті) мен оның өнім берушілері және сатып алушылар тексерілетін салықтық кезең үшін және алдыңғы салықтық кезеңдер үшін ұсынған салықтық есептілік нысандарынан алынған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы;
5) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ өзге де көздерден алынған, тауарларды тиеп-жөнелтуді және (немесе) жұмыстарды орындауды және (немесе) қызметтерді көрсетуді жүзеге асырған тұлғаларға қатысты қарсы тексерулер нәтижелері туралы;
6) салық органы бұрын жүргізілген салықтық тексерулер, оның ішінде тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлкін (тұрғын үй-жайлардан басқа) түгендеу кезінде алған;
7) салық органы салықтық және кедендік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша алған мәліметтерді пайдалануы мүмкін.
2. Салық органдары:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға;
3) тексерілетін салық төлеушінің өнім берушілерімен және сатып алушыларымен өзара есеп айырысулар мәселесі бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы басқа да салық органдарына;
4) шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салулар жібереді.
3. Қажетті ақпарат мынадай көздерден де (құжаттамалық расталған):
1) тексерілетін салық төлеуші (салық агенті) орындаған қызмет көрсетулер құны туралы тапсырыс берушілерден және сатып алынған өнімнің құны мен көлемі туралы сатып алушылардан;
2) тексерілетін салық төлеушіге (салық агентіне) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісі және айналымы саласында қызметтер көрсеткен, шикізатты, энергия ресурстарын және қосалқы материалдарды жіберуді жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалардан алынуы мүмкін.
4. Ақпарат көздері мән-жайларға, тексерілетін салық төлеушінің (салық агентінің) қызмет сипаты мен тегіне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей