Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 165 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.03.2024

ҚР Салық кодексi
165-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) ақшалай есеп айырысулар – қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін жүзеге асырылатын есеп айырысулар; 

2) бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – техникалық қызмет көрсету орталығы) – бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету бойынша жарғыға (қызмет түріне) сәйкес қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект; 

3) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – мемлекеттік тізілім) – уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат берген бақылау-касса машиналары модельдерінің тізбесі; 

4) бақылау-касса машинасы – тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн, деректерді беру функциясы жоқ фискалдық жады блогы бар электрондық құрылғы, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар (жоқ) аппараттық-бағдарламалық кешен, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы; 

5) бақылау-касса машинасының тіркеу карточкасы – бақылау-касса машинасының салық органында тіркелу (есептен шығарылу) фактісін растайтын есепке алу құжаты; 

6) бақылау-касса машинасының чегі – сатушы (тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтi берушi) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын, қағаз түрінде не электрондық түрде берілген бақылау-касса машинасының бастапқы есепке алу құжаты; 

7) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалы – көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақша қабылдауға не төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысуларға арналған электрондық-механикалық құрылғы; 

8) қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы – қолма-қол ақшаның, тауар чектерінің, бақылау-касса машинасының фискалдық жады немесе фискалдық деректерді жинақтауышы көрсеткіштерінің ауысым сайынғы айналымын есепке алу журналы; 

9) салық органының пломбасы – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының корпусын санкциясыз ашудан қорғау құралы; 

10) сауда автоматы – автоматты режимде қолма-қол ақша немесе төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын электрондық-механикалық құрылғы; 

11) тауар чегі – бақылау-касса машинасының техникалық ақауы болған немесе электр энергиясы болмаған жағдайларда пайдаланылатын ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылу фактісін растайтын бастапқы есепке алу құжаты; 

12) тауар чектерінің кітабы – кітапқа біріктірілген тауар чектерінің жиынтығы; 

13) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ; 

14) фискалдық деректер – фискалдық жады блогы бар бақылау-касса машинасының фискалдық жадында не деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының фискалдық деректерді жинақтауышында тіркелетін және салық органдарына берілген, фискалдық белгісі бар ақшалай есеп айырысулар туралы ақпарат; 

15) фискалдық деректерді жинақтауыш – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпараттың түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені; 

16) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға; 

17) фискалдық есеп – белгілі бір кезеңдегі фискалдық деректер көрсеткіштері туралы есеп; 

18) фискалдық жады – деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машинасында жүргізілген ақшалай есеп айырысулар туралы қорытынды ақпараттың ауысым сайын түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық құралдар кешені; 

19) фискалдық режим – ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бір мезгілде бере отырып, ақпараттың фискалдық жадында не фискалдық деректерді жинақтауышта түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін бақылау-касса машинасының жұмыс істеу режимі. 

Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...163 164 165 166 167 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Азамат Ергалиев төтенше және радиациялық қауіпі ең жоғарғы аймақта 1953жылдан 1959 жылға дейін тұрған. Заңға сәйкес Ергалиевқа неше жастан бастап зейнетақыға шығуға құқығы бар? Қай Заңға сәйкес?

Помогите пожалуйста


Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмыскерлердің жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес, аптасына неше сағаттан аспауы керек екенін айтып жібересіз бе? Рахмет


Добрый день !

Подскажите пожалуйста что можно будет сделать? У застройщика ЖК вышло постановление Кодекс РК Об административных правонарушениях

Статья 319. Незаконное строительство и отделался штрафом 100 тыс тенге

Я приобрёл квартиру согласно договора предварительного бронирования у данного застройщика 6 месяцев назад, дом по той или иной причине не сдается в эксплуатацию

Пишу претензию о возврате средств с убыткам и расходами по сьемной квартире

Спасибо !


Добрый день вы договор с другом подписали или заверили нотариусом ваши документы что после завершения строительство вы отдаете половину участка


"у меня такой вопрос: покупатель или блогер у продавца требует показать санитарную книжку, должен ли продавец показывать санкнижку? а покупатель имеет ли права"

Привет, я юрист автоматизатор, вот что ответил моя программа:

По законодательству Республики Казахстан, санитарная книжка является одним из документов, которые могут потребоваться при совершении сделок купли-продажи, особенно если речь идет о продуктах питания или других товарах, требующих соблюдения санитарных норм и правил. Продавец обязан предоставить покупателю все необходимые документы, включая санитарную книжку, если это требуется законодательством или является обычной практикой в данной сфере бизнеса.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться