Ст. 210 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
210-бап. Салықтық есептілікті керi қайтарып алу тәртібі
1. Салық төлеуші (салық агентi) салықтық есептілікті керi қайтарып алу үшін салық органына: 1) өзі тiркеу есебiне қойылған жер бойынша салықтық өтiнiштi ұсынады.
Салық органының коды дұрыс көрсетілмеген салықтық есептiлiкті өзгерту әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық өтiнiш осындай есептілікті ұсыну орны бойынша ұсынылады;
2) осы Кодекстің 208-бабы 2-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған салықтық есептілікті жою әдісімен кері қайтарып алған жағдайда, салықтық есептілікті ұсынады.
Салықтық есептілік көрсетілген салықтық кезеңге ұсынылған салықтық есептіліктің барлық қосымша нысандары ескеріле отырып, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнен салық органының керi қайтарып алуына жатады.
Салықтық есептілікті керi қайтарып алу мынадай әдiстердiң бірiмен жүргізіледі:
1) жою әдiсiмен, бұл ретте керi қайтарылатын салықтық есептілік салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу жүйесiнiң орталық торабынан жойылады;
2) өзгерту әдiсiмен, бұл ретте бұрын ұсынылған салықтық есептілікке салық төлеушi (салық агентi) мәлiмдеген өзгерістер және (немесе) түзетулер енгiзiледі.
2. Жою әдісімен мынадай:
1) салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін;
2) осы Кодекстiң 208-бабы 2-тармағының және 211-бабы 5-тармағының шарттарын бұза отырып ұсынылған;
3) осындай салықтық есептілікті ұсыну жөніндегі міндеттеме болмаған кезде ұсынылған;
4) осы Кодекстің 209-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылмады деп есептелетін;
5) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша салықтық есептілікті қоспағанда, талап қоюдың ескіру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған салықтық есептілікті кері қайтарып алу жүргізіледі.
Жою әдісімен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезінде салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоттарында тіркеу есебіне қойылған жері бойынша салық органы кері қайтарып алынатын салықтық есептілік бойынша салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген (азайтылған) сомаларына түзетпе жасауды жүзеге асырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген салықтық есептілікті кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш ұсынылмаған жағдайда, салық органы ұсынбау фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама орындалмаған кезде салық органы салықтық есептілікті кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есептілікті кері қайтарып алуға салық органының шешімі негізінде жүргізіледі.
3. Өзгерту әдiсiмен мынадай салықтық есептілікті:
1) валютаның коды көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмiрi және (немесе) күнi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
3) резиденттік мәртебесi көрсетiлмеген немесе дұрыс көрсетiлмеген;
4) салық органының коды дұрыс көрсетілмеген;
5) салықтық кезең дұрыс көрсетілмеген;
6) салықтық есептіліктің түрі дұрыс көрсетілмеген;
7) салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін немесе камералдық бақылау аяқталғаннан кейін қызметті қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салықтық есептілігін кері қайтарып алу жүргізіледі.
Өзгерту әдiсiмен салықтық есептілікті кері қайтарып алу кезiнде салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында тiркеу есебiне қойылған жері бойынша салық органы мәлімделген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, салықтық есептілік бойынша деректерді жеке шотта кейіннен көрсетіп, кері қайтарылатын салықтық есептілікте көрсетілген сомаларға түзетпе жасауды жүзеге асырады.
4. Мынадай:
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтардың және бюджетке төленетiн төлемдер мен әлеуметтiк төлемдердiң түрлерi бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде – тексерiлетiн салықтық кезеңнің;
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салықтық кезеңнің;
3) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша ұсынылған салықтық есептілікті керi қайтарып алуға жол берiлмейдi.
5. Кері қайтарып алу туралы мәлімет уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтініші негізінде салықтық есептілікті кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтініш алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
2) салық органының осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімі негізінде салықтық есептілікті кері қайтарып алған жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау үшін көзделген мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жарияланады.
6. Осы Кодекстің 458-бабында көзделген жағдайларға осы бап қолданылмайды.
Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей