Ст. 244 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
244-бап. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар сомасының шегерімі
Ескерту. 244-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар бойынша мынадай шығыстар шегерімге жатады:
1) жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге және кері жол жүру шығыстары. Жол жүру электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген жағдайда, жол жүруге арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
электрондық билет, электрондық жол жүру құжаты;
электрондық билеттің, электрондық жол жүру құжатының құнын төлеу фактісін растайтын құжат;
Осы тармақшада көзделген шығыстарға бір елді мекен шегінде жол жүру жөніндегі шығыстар жатпайды;
2) тұрғынжайды жалдауға арналған және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болу уақыты ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстар. Мұндай шығыстар, оның ішінде іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндері үшін (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емдеуде болған жағдайлардан басқа) тұрғын үй-жайды жалдауға арналған шығыстарды қамтиды;
3) іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздық күндерін қоса алғанда, жұмыскерге iссапарда болған уақытта төленетін, салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшердегі тәулікақы;
4) салық төлеуші келуге және кетуге рұқсаттар (визалар) ресімдеген кезде жүргізген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде осындай шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердiң, мiндеттi медициналық сақтандырудың құны).
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттарында:
1) жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығында немесе жазбаша өкімінде көрсетілген, жұмыскер еңбек міндеттерін орындайтын, оны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау жүзеге асырылатын межелі жер іссапарда болатын жер болып табылады;
2) іссапарда болу уақыты:
жұмыс берушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
кету және келу күнін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген іссапарда болатын жерге кету және кері қайтып келу күндерін негізге ала отырып, іссапарда болу күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапарда болу күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапарда болатын жерге кету күнін және (немесе) кері қайтып келу күнін растайтын басқа құжаттар негізге алына отырып айқындалады.
3. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Здравствуйте есть ли отстрочка ?статья 346.1 как едениственый кормилиц , так как супруга не давно родила , в декрете
Ассалаумағалеикум ... Помогу. канкретно выбит. долг. с. кого надо .. Званить 777056724275
Здравствуйте ! Могу ли я забрать свою машину у человека который по документам не является её владельцем .
Машина оказалась у моего знакомого на сохранение, после чего мы договорились о том , что я продам её ему , но так как я находилась в другой стране сразу не могла переоформить по итогу когда приехала человек передумал её покупать и потребовал денеги с меня за мою же машину ! Сначало 1200 млн тг потом 600тыс тг ,Мол он вложил в нее денег однако я его об этом не просила более того ,просила её не трогать пока я не приеду, однако он на ней ездил эксплуатировал делал все что хотел . И по итогу не покупать её не хочет не отдавать . Платить ему у меня есть сомнения действительно ли он вложил такую сумму ( Машина по документам моя на каз учете . Человеку я ничего не должна ни по каким распискам как мне законно забрать свое имущество??? Помогите ? сколько стоит нанять адвоката по такому делу ? На моей ли стороне закон ?
если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей