Ст. 27 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
27-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, орталық депозитарийдің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимылы кезіндегі міндеттері
Ескерту. 27-баптың тақырыбы жаңа редакцияда– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоттардың бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді және жеке немесе заңды тұлға және бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиандар, орталық депозитарий, брокерлер және (немесе) дилерлер арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:
1) бейрезидент-жеке тұлғаларға, бейрезидент-заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар-жоғы туралы мәліметтерді, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға және кастодиандар, инвестициялық портфельді басқарушылар арасында жасалған шартқа қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
3. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:
1) бейрезидент-жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға ұсынуға;
2) шет мемлекеттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы жасалған сақтандыру шарттарына қатысты өзге де ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу туралы халықаралық шартына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей