Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 305 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Салық кодексi
305-бап. Аванстық төлемдердің сомасын есептеу

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер осы бапта айқындалған тәртіппен: 

1) осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде: 

есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдер); 

есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді; 

2) мыналарды: 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы); 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді: 

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер; 

2) егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде; 

3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде; 

4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер; 

5) осы Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер; 

6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер; 

7) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

8) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін салық төлеушілер; 

9) 01.01.23 дейін қолданыста болды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен;

10) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым; 

11) "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды. 

3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мыналар есепке алынбайды: 

мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері; 

осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері; 

осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға олардың айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері; 

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалын жүзеге асыратын салық төлеушінің осы Кодекстің 293-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметтен алынған кірістері; 

осы Кодекстің 708-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілердің басым қызмет түрлерінен алынған кірістері; 

осы Кодекстің 80-1-тарауында көрсетілген салық төлеушінің инвестициялар туралы келісімде айқындалған инвестициялық жоба шеңберіндегі қызмет түрлері бойынша кірістері. 

4. Бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеген жағдайда, кейінгі екі салықтық кезең ішінде орындайды.  

5. Аванстық төлемдердің сомасы: 

1) декларацияға дейін, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы; 

2) декларацияға дейін: 

алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;  

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептейді; 

3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсаттарында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды; 

4) декларациядан кейін: 

егер осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған; 

бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – осы баптың 4-тармағында көрсетілген; 

алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі. 

6. Аванстық төлемдердің есеп-қисабы: 

1) декларацияға дейін есепті салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады; 

2) декларациядан кейін есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады. 

7. Салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей, ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынуға құқылы. 

Декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер есепке алынған, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің сомасы теріс мәнге ие бола алмайды. 

8. Осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарының нормалары цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды. 

9. Цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер декларацияға дейінгі және одан кейінгі аванстық төлемдердің сомасын ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып есептейді. 

Ескерту. 305-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2019 № 213-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.02.2023 № 196-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...303 304 305 306 307 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться