Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 332 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.05.2025

ҚР Салық кодексi
332-бап. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған, мүлікті өткізуден түсетін кірісі

1. Егер осы бапта және осы Кодекстің 331-бабында өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі болып табылады. 

2. Жеке тұлғаның мүлікті өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі мынадай: 

1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі; 

2) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті өткізген кезде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.  

3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен жария етілген, сатып алу бағасы (құны) болмаған және жария еткені үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен адам оны өткізген жағдайларда, мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария еткені үшін алымды есептеуге теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. 

4. Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады. 

5. Жеке тұлғаның борыштық бағалы қағаздар өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі дисконттың амортизациясы және (немесе) өткізу күніне сыйлықақы ескеріле отырып, купонды есепке алмай өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.  

6. Жеке тұлғаның қатысу үлесін өткізген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден алған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.  

7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай жағдайларда: 

1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болса; 

2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген болса, қолданылмайды.  

8. Егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері қолданылмайды.  

9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері: 

1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын); 

2) мүлікті өткізу құнын; 

3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені тіркегенін растайтын құжаттар негізінде қолданылады. 

Ескерту. 332-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...330 331 332 333 334 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться