Ст. 334 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
334-бап. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге активтерді өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін кіріс
1. Осы баптың мақсатында өзге активтерге тауар-материалдық запастар және талаптар болып табылмайтын мынадай активтер:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар, егер осындай негізгі құралдар дара кәсіпкер бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған салықтық кезеңдерде тіркелген активтер болып табылса және актив тіркелген актив болып табылса;
7) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер, егер дара кәсіпкер бұрын бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырса және актив тіркелген актив болып табылса, жатады.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді өткізген кезде, өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында, осы Кодекстің 264-бабының 1) – 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындар жиынтығы өзге активтердің бастапқы құны болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 269-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер өзге актив өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне енгізілген, осы активтің құны бастапқы құн болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған өзге актив өткізілген кезде шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы активке меншік құқығы туындаған күнге мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құн болып табылады.
Бұл ретте өзге активтің нарықтық құны осындай активтер өткізілген салықтық кезең үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыруға белгіленген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Өзге активтің бастапқы құны мынадай жағдайларда:
1) өзге активтің меншік құқығы туындаған күнге айқындалатын нарықтық құны болмаған кезде;
2) нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша нөлге тең болады.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей