Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 349 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Салық кодексi
349-бап. Оқытуға арналған салықтық шегерім

1. Оқытуға арналған салықтық шегерім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мынадай деңгейлері бойынша қолданылады: 

1) Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 

2) Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын техникалық және кәсіптік білім беру;  

3) Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру; 

4) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру. 

2. Оқытуға арналған салықтық шегерімді: 

1) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған оқытуға ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша;  

2) заңды өкілдердің бірі асырауындағы жиырма бір жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасының пайдасына оқытуға ақы төлеуге жұмсалған шығыстар бойынша қолданады. Жиырма бір жасқа толмаған адам оқытуға арналған салықтық шегерімді дербес қолданған жағдайда заңды өкіл көрсетілген салықтық шегерімді қолданбайды.  

3. Оқытуға арналған салықтық шегерім күнтізбелік жылға айқындалған айлық есептік көрсеткіштің 118 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қолданылады.  

4. Қызметтер көрсетуге арналған шарт және осындай көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын құжат оқытуға арналған салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттар болып табылады. 

5. Оқытуға арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады: 

оқытудың көрсетілетін қызметтерін алу күні; 

оқытудың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу күні.  

Ескерту. 349-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...347 348 349 350 351 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться