Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 352 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Салық кодексi
352-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі

1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн кіріс сомасына осы Кодекстiң 357-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мөлшерлемені қолдану арқылы айқындайды.  

2. Салық агентi осы Кодекстiң 351-бабы 3-тармағында көзделген кірістерді қоспағанда, кірісті төлеудің нысаны мен орнына қарамастан, осы Кодекстің 351-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген кірістерді төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты ұстап қалуға мiндеттi. 

3. Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін өз шешімімен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы. 

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Егер заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесі салық агенті деп танылса, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) кірістерден төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Статья 1 ...350 351 352 353 354 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Коментарии пользователей

Жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде ақылы оқитын студенттердің ата-аналарына жеңілдік бар ма

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться