Ст. 396 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
396-бап. Жерге және тұрғын ғимараттарға байланысты өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар қосылған құн салығынан босатылады: 1) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) өткізу;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігінен басқа, тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) жалға (қосалқы жалға) беру;
3) студенттік және мектеп жатақханаларында, жұмысшылар кенттерінде, балалар демалыс үйлерінде, теміржол жатын вагондарында тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер.
2. Мыналарды:
1) ақылы автотұрақтарды (автоорынтұрақтарды) орналастыру үшін берілген және (немесе) пайдаланылатын жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді және (немесе) оны жалдауды;
2) тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу кезінде жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді;
3) тұрғын ғимаратқа жатпайтын ғимарат (ғимараттың бөлігі) орналасқан жер учаскесін (жер үлесін) иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беруді, оның ішінде жер учаскесін (жер үлесін) жалға беруді (қосалқы жалға беруді) қоспағанда, жер учаскесiн иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру және (немесе) жер учаскесін (жер үлесін) жалға беру, оның iшiнде қосалқы жалға беру қосылған құн салығынан босатылады.
Ескерту. 396-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей