Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Салық кодексi
42-бап. Салық органдары, олардың міндеттері мен жүйесі

1. Салық органдары мынадай міндеттерді орындайды: 

1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының және сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; 

2) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу; 

3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

4) салық органының ақпараттандыру объектілерін қалыптастыру, олардың дамуын және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау. 

Мемлекеттік кіріс органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган салық органы болып табылады. 

2. Салық органдарының жүйесі: 

1) уәкілетті органнан; 

2) астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық бөлімшелерден; 

3) ауданаралық аумақтық бөлімшелерден; 

4) арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық бөлімшелерден; 

5) мамандандырылған мемлекеттік мекемеден тұрады. 

Мамандандырылған мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, салық органының лауазымды адамдарын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби біліктілігін арттыруды, сондай-ақ халықтың салық мәдениетін арттыруға байланысты функцияларды жүзеге асыратын оқу-әдістемелік орталық.  

Уәкілетті орган салық органдарына басшылықты жүзеге асырады. 

3. Салық органдарының уәкілетті орган бекіткен кодтары болады. 

4. Салық органының нышаны болады, оның сипаттамасы мен пайдаланылу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться