Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 431 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.05.2023

ҚР Салық кодексi
431-бап. Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі мен мерзімдері

1. Қосылған құн салығының асып кетуін салық төлеушіге қайтару: 

1) егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, осы бапта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде; 

2) салықтық кезеңдегі қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген оның қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талабы негізінде жүзеге асырылады. 

2. Егер осы Кодекстің 432 және 434-баптарында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижелерімен расталған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару мынадай мерзімдерде жүргізіледі: 

қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талап қойылған салықтық кезең үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 пайызды құрайтын нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдарды жүзеге асыратын салық төлеушіге – елу бес жұмыс күні ішінде; 

қалған жағдайларда – жетпіс бес жұмыс күні ішінде. 

Бұл ретте қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару мерзімінің өтуі осы Кодекстің 424-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін басталады. 

Осы тармақтың мақсатында мыналар қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару үшін негіздер болып табылады: 

1) шағым жасау (салық төлеуші шағым жасаған кезде) нәтижелерін ескере отырып, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау жөніндегі салықтық тексеру актісі; 

2) осы Кодекстің 152-бабының 13-тармағында көзделген жағдайда ресімделген салықтық тексеру актісіне қорытынды. 

3. Қосылған құн салығының асып кетуін: 

1) мыналар: 

шағын бизнес субъектілері; 

шаруа немесе фермер қожалықтары; 

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимдерінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушіге; 

2) осы Кодекстің 411-бабының ережелерін қолданған салық кезеңдері үшін салық төлеушіге қайтару жүргізілмейді. 

4. Бюджеттен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы осы Кодекстің 104-бабында айқындалған тәртіппен салық төлеушіге қайтарылады. 

5. Салық төлеуші декларацияда қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы талапты көрсеткен, бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеуші осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төлеуге тиіс. 

Егер қосылған құн салығының асып кету сомасын салық төлеушіге қайтару бұрын осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушінің пайдасына өсімпұлды есепке жазу және аудару арқылы жүргізілген болса, бұрын салық төлеушіге аударылған және салықтық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған, қосылған құн салығының асып кетуінің қайтарылған сомасына тура келетін өсімпұл осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ол келіскен жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе тексеру нәтижелері туралы хабарлама негізінде бюджетке төленуге жатады. 

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген сомалар осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде бюджеттен қайтарылған күннен бастап әрбір күн үшін өсімпұлды есептей отырып бюджетке төленуге жатады. 

Ескерту. 431-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...429 430 431 432 433 ...780

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Просьба помочь, прилетаем с командировки и обнаружили, что у нас на парковке посторонний человек устроил склад мебели. Мы вскрыли склад, мебель вывезли, после чего нашлась хозяйка и написала на нас заявление в полицию, что делать в данной ситуации? Посторонний человек ворвался на частную территорию без нашего ведома.


Кто полномочен расследовать мошеннические действия сообщества в составе полиции, судьи и прокуратуры направленные на изъятие без юридических оснований автомобиля и последующего его исчезновения. Полиция заявления оставляет без рассмотрения.


Сәлеметсіз бе! Бюджеттік мекеме ликвидация кетіп жатыр. Мекеме қызметкерлері компенсация қандай мөлшерде беріледі. Және сынақ мерзіміндегі қызметкерге компенсациялық төлем төлене ме?


Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,


У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться