Ст. 473 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
473-бап. Салықтық базаны түзету
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық база акцизделетін тауарды қайтару жүргізілген салықтық кезеңде түзетіледі.
Осы бапқа сәйкес салықтық базаның мөлшерін түзету түзетуге жататын акциз сомасы бөлек жолмен бөліп көрсетілген қосымша шот-фактураның, сондай-ақ акцизделетін тауарды қайтару үшін негізді растайтын екіжақты актілердің және шартта (келісімшартта) көрсетілген қайтару жағдайларының туындағанын растайтын басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайына өндірушіге қайтарған кезде салықтық базаның мөлшерін түзету, егер өндіруші акцизделетін тауарлардың өндіріс мекенжайынан орнын ауыстырған, бірақ оларды өткізбеген жағдайда, өндірушінің тауарларға ілеспе құжаттарының негізінде жүргізіледі.
Акцизделетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден импорты кезінде салықтық базаныың мөлшерін түзету осы Кодекстің 459-бабының 1, 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
2. Арақты, айрықша арақты және этил спиртінің көлемдік үлесі он бес пайыздан асатын басқа да алкоголь өнімін қоспағанда, осы Кодекстің 462-бабының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарлар бойынша салықтық базаны, егер осындай акцизделетін тауар бойынша лицензияда көрсетілген өндірістің мекенжайынан өндіруші жүзеге асырған оның орын ауыстыруына байланысты бұрын акциз төленген жағдайда, акцизделетін тауарды өндіруші экспортқа өткізілген акцизделетін тауар көлеміне түзетеді.
Осы тармақта көзделген салықтық базаны түзету осындай акцизделетін тауар экспортқа өткізілген салықтық кезеңде жүргізіледі.
Бұл ретте осындай түзету ескеріле отырып, салықтық базаның теріс мәні болуы мүмкін.
Ескерту. 473-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей