Ст. 481 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
481-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты
1. Жеке тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген нормалар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларға акциздер салынбайды. 2. Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады:
1) халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын жолда жүру уақытында және аралық аялдама пункттерiнде пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған;
3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың жеке пайдалануы үшiн әкелiнген. Көрсетілген тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік рәсімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында акциз төлеуден босатылатын;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа).
12-БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
54-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей